Қазақстан елшісі Иранның вице-президентімен кездесті

17 Маусым, 2016 15:03
Иран Ислам Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшісі Бағдат Әміреев ИИР-ң вице-президенті, Иранның атом энергетикасы бойынша Агенттігінің төрағасы Әли Салехимен кездесті, деп хабарлады СІМ.

«Тараптар иран ядролық бағдарламасы бойынша Иран мен жетекші әлемдік алпауыттар қол қойған Бірлескен кешенді іс жоспардың орындалу барысы туралы пікір алмасты», - делінген хабарламада.

Әңгімелесу барысында Ә.Салехи ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық келіссөздер мен қол қоюдың сәтті аяқталуына қосқан үлесін жоғары бағалады. Сонымен қатар ол, Қазақстанның осы келісімді іске асыруда маңызды рөл атақаратынын атап өтті.

Б.Әмреев Қазақстанның толық қуатта өзіне міндеттемені алып, орындауға дайын екенін растап, сәтті жүзеге асатынына үміттенетінін және халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қосылған айтарлдықтай үлес болатынын айтты.

 

Барлық жаңалықтар