К.Мәсімов: Тұрғын үй құрылысының дамуы экономика өсімін ынталандырады

17 Маусым, 2016 12:26
Тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту экономика өсімін ынталандырады, деді Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

«Біз қазір «Нұрлы жол» бағдарламасының бірқатар мақаласын қайта қараймыз, кейбір қосымша ресурстар бойынша Үкімет ішінде бағдарламалар әзірленуде, ол жағдайдың өзгеруіне байланысты дайындалып отыр. Ол қысқамерзімді жоспарда ресурстарды тиімді қолдауға бағытталады», - деді К.Мәсімов.

Министрлер кабинетінің жетекшісі айтып өткендей, экономика өсімін ынталандыратын істің бірі тұрғын үй құрылысы болып табылады.

«Бұл бағдарламаның жаңа бағыттарының бірі жеке тұрғын үй құрылысына инфрақұрылым жүргізеді. Жер мәселесі бойынша соңғы кезде пікірталас көбейді. Біздіңше, 10 га жерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін бөлу  бұл жағдайды шешуге мүмкіндік береді», - деді Премьер-Министр.

Анар Тәңірқұлова

 

Барлық жаңалықтар