- Басты
- Жаңалықтар
- К.Мәсімов: Үкімет елдің дамуы мен сыртқы қарыздар арасындағы тепе-теңдікті табатын болады
К.Мәсімов: Үкімет елдің дамуы мен сыртқы қарыздар арасындағы тепе-теңдікті табатын болады
«Есептік жылы Үкіметтің қарызы 465 млрд теңгеден жоғары болды. Бұл бос қалдықтың артуына алып келді. Ол 264 млрд теңгені құрады. Бұндай жайт Қазақстанның тәуелсіздік тарихында болған емес. 2015 жылы қарызды жабу үшін сыртқы қарыздың 1,1 трлн теңгесінен астам қаражаты қолданылды – ол 2013 жылмен салыстырған 9 есе көп. Есепте көрініп тұрғандай, республикалық бюджеттің 16 пайыз шығынын сыртқы қарыз арқылы жасап отырдық. Қаражатпен тұрудың орнына, біз қарызға кірдік. Осы жылы ғана республикалық бюджеттің тапшылығын жабу үшін 2 млрд АҚШ доллары қарызға алынды. Үкімет өзгерістер жасай алады ма. Егер жасай алса, қандай?»,-деп ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев сұрақ қойды.
Өз кезегінде К.Мәсімов Үкімет өзінің дамуы мен сыртқы қарыз арасында тепе-теңдікті табатындықтарын айтып өтті.
«Бұл мәселе мемлекеттің тұрақтылығы, сыртқы қарыз арасындағы тепе-теңдік, құралдар және тұрақты даму шеңберінде өмір сүру мүмкіндігі. Біз бұл мәселені түсінеміз және елдің дамуы мен сыртқы қарыздар арасындағы тепе-теңдікті табатуымыз керек. Сонымен қатар, Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азиаттық банк және басқалар секілді халықаралық институттармен ынтымақтастық жасау біздің экономикамызды инвестициялау үшін ғана көмек беріп қоймай, бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін құрылымдық реформаларды жүзеге асыруға көмектесіп жатыр»,-деді ол.
Оның айтуы бойынша, осыған орай, Презмиденттің тапсырмасымен экономикалық саясат бойынша кеңесте бірқатар мәселелер қарастырылатын болады: сыртқы қарыз, Ұлттық қордың қаражатын пайдалану, БЖЗҚ пайдалану және басқару. Оған қоса міндетті медициналық сақтандыру және банк секторының реформасы.
Анар Тәңірқұлова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды