- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның құқық қорғау органдары қосымша мүмкіндіктерін пайдаланады
Қазақстанның құқық қорғау органдары қосымша мүмкіндіктерін пайдаланады
«Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, Елбасының тапсырмасы бойынша Ақтөбе облысына сапарыма тоқтала кеткім келеді. Менің ойымша, бүгінгі күні халықты ең бірінші кезекте қауіпсіздік мәселесі толғандырады. Бұған дейін, халық негізінен баспана мәселесіне, суға, газға қатысты тарифтерге, азық-түлік мәселесіне назар аударып келсе, қазір жұртты елдің ішкі қауіпсіздігі толғандыратыны анық білініп отыр», - деді К. Мәсімов.
Осыған орай, Үкімет басшысы Елбасының тапсырмасына сәйкес, жұмыс тобы құрылғанын атап өтті.
«Алдағы уақытта біз арнаулы органдар мен құқық қорғау органдарының мүмкіндіктерін толық қамтамасыз ету бағытында заңнамалық және бірқатар ресурстық өзгерістер бойынша Парламентке келетін боламыз. Қазақстан азаматтары өздерінің өмірі мемлекет тарапынан қорғалатынына сенімді болуы керек. Біз осыны қамтамасыз ететін боламыз», деді К. Мәсімов.
Еске сала кетейік, Астанада ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр. Күн тәртібі бойынша ҚР Конституциялық Кеңестің жолдауы туралы «ҚР конституциялық заңдылықтың жағдайы туралы» және ҚР Үкіметі мен Есеп комитетінің 2015-ші жылдың республикалық бюджетінің орындалуын қадағалау туралы есебі қаралуда.
Индира Қауметова
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Карантин: Қандай қосымша шаралар қабылданады -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы