• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Премьер-Министрі халықтың мәселелерін шешу үшін мемлекеттік ресурстарды барынша пайдалануды ұсынды

ҚР Премьер-Министрі халықтың мәселелерін шешу үшін мемлекеттік ресурстарды барынша пайдалануды ұсынды

17 Маусым, 2016 11:41
ҚР Премьер – Министрі Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен кездесуі барысында депутаттарға халықтың мәселелерін шешу үшін мемлекеттік ресурстарды барынша пайдалану туралы өтінішпен сөз сөйледі.

«Әрдайым мәселелрдің туындап жатқанына қарамастан, Үкіметте, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаның әкімшілігінде де игерілмеген мәселелр бар. Бұл мәселе жыл сайын қайталанып келе жатыр. Мен Парламент депутаттарына өтініш айтқым келеді. Қазір біз жаңа бюджет Кодексі мен жаңа салық Кодексін қарастыруға белсене кірістік. Менің пайымдауымша, бір жыл ішінде бұл құжатпен Парламентке кіреміз. Бұл жерде барлығы бойынша бюджеттік процесті қайта қалыптастыру, оны пайдалану бойынша қайта құру жұмыстарын жүргізу керек болады. Оның барлығы  біздің халықтың мәселесін шешу үшін мемлекеттік ресурстарды маскималды түрде пайдалану үшін жасалуда»,-деді Премьер-Министр.

Естерінізге сала кетейік, Астанада  ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтуде. Отырыстың күн тәртібіне екі мәселе енгізілген: «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жайы туралы» ҚР Конституциялық Кеңестің жолдауы және 2015 жылғы республикалық бюджеттң атқарылуы туралы ҚР Үкіметі мен Еспетік комитеттің есебі.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар