• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сұлтанов: Ұлттық банктің теңгені еркін айналымға жіберуі 2015 жылдың бюджеттік табысын толық орындауға мүмкіндік берді

Б.Сұлтанов: Ұлттық банктің теңгені еркін айналымға жіберуі 2015 жылдың бюджеттік табысын толық орындауға мүмкіндік берді

17 Маусым, 2016 10:53
Ұлттық банктің теңгені еркін айналымға жіберуі 2015 жылдың бюджеттік табысын толық орындауға мүмкіндік берді, деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

«2015 жылдың республикалық бюджеті орындалуының басты ерекшелігі – ол оның дағдарысқа қарсы бағдарламасы мен тұрақтандырылған рөлі. «Нұрлы жол» бағдарламасының  бірінші жылында бюджеттік шығындар сұраныс пен экономиканың қаржылық тұрақтылығына көзделді. Әлеуметтік шығындар өсті, олардың барлығы толық көлемде орындалды. Бизнеске Ұлттық қордың арзан несиелері ұсынылды, сондай-ақ, жекешелендіру мен заңдастыру белсенділетілді», - деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, бюджеттің  әсері  экономикадағы тұрақсыздықтарды жойып, ұзақмерзімді өсімге негіз қалады.

«Қаржы есептікң қорының нақтыланған қорытындысы біздің жұмысқа негізделген. Ол бюджеттік тұрақтылықты қамтамасыз етеді», - деді ол.

Осыған орай бюджеттің табыс бөлігі белгіленген жоспармен 105,7 пайызға орындалды. Оған қоса, қаржы қалдығы 264 млрд теңгені құрады.

Айта кетейік, Астанада Парламент Палаталырының бірлескен отырысы өтуде. Отырыста қаралатын күн тәртібіне екі мәселе енгізілді: ҚР Конституциялық Кеңестің жолдауы туралы «ҚР конституциялық заңдылықтың жағдайы туралы» және ҚР Үкіметі мен Есеп комитетінің 2015-ші жылдың республикалық бюджетінің орындалуын қадағалау туралы есебі.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар