• Басты
  • Жамбыл облысында 3500 жуық жас тұрақты жұмысқа орналасты

Жамбыл облысында 3500 жуық жас тұрақты жұмысқа орналасты

17 Маусым, 2016 20:43
Жамбыл облысында 3500 жуық жас тұрақты жұмысқа орналасты.Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Құралбаев Еркебұлан Есенғалиұлы хабарлады.

«Жастар арасындағы басты мәселелердің бірі, оларды жұмыспен қамту. Осы бағытта басқарма тарапынан жастарды уақытша жұмысқа тарту, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға баулу мақсатында     «Жасыл Ел» мен студенттік құрылыс еңбек жасақтарының жұмысын үйлестіруге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 3,0 млн. теңге, ал, жергілікті бюджет есебінен студент жастарды уақытша жұмысқа тарту мақсатында Тараз қаласы мен аудандарда еңбек жасағындағы   800 жасты уақытша 2 айлық жұмыспен қамтуға 18 млн. 812 мың теңге қарастырылып, жергілікті жерлерде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ал, 8 жасақтан құралған 107 жауынгер Тараз қаласы мен аудандарда 8 нысанға жұмылдырылып жұмыстарын жасауда»,- деді Е.Құралбаев.

«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында жас мамандарды ауылдық жерлерде тұрақтандыру және оларға әлеуметтік көмек көрсету басты мәселелердің біріне айналып отыр. Ағымдағы жылы бағдарлама аясында 151 маманға тұрғын үй алу үшін 480,4 млн. теңге қаралса  449 маманға 118,1 млн. теңге көтерме жәрдемақы беру көзделуде.

Еркебұлан Құралбаевтың айтуынша, ағымдағы жылдың 1 маусымына жұмыспен қамту орталықтарына өтініш білдірген 5345 адамның 3447-і тұрақты жұмысқа орналасып, 701 адам жергілікті бюджет есебінен ұйымдастырылатын ақылы қоғамдық жұмыстарға, 757-і жастар практикасына және 21 адам кәсіби оқытуға жолданып отыр.

Ағымдағы жылы 1643 түлекті жастар практикасына жолдауға 371,6 млн.теңге қаражат қарастырылуда (ОБ – 129,2 млн.теңгеге 564 орын; ЖБ – 128,1 млн.теңгеге 580 орын; РБ – 114,3 млн.теңгеге 499 орын). Жыл басынан барлығы 1078 түлек жастар практикасына жолданды (ОБ – 228 адам, ЖБ – 529, РБ – 321 адам). «Жастар практикасы» бағдарламасы негізінде уақытша сипатқа ие болғанымен, жыл басынан мерзімдері бітпей тұрып-ақ 46 түлек тұрақты жұмыстармен қамтылып отыр.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша  2380 адаммен әлеуметтік келісім-шарт жасалынса, оның ішінде 1181-і (49,6%) жастар болып табылды. Бағдарлама бойынша жастардан 544 адам бос және жаңадан ашылған жұмыс орындарына орналасса,                  33 адам 1-ші бағыт бойынша жөндеу жұмыстарына қатысты, 7 адам шағын несие алып, 3-і өз істерін ашты, 143 жас кәсіптік оқытуға жолданып, оқуын аяқтаған 32-нің 22-і тұрақты жұмысқа орналасты,               133 жас әлеуметтік жұмыс орындарына және 321 түлек жастар практикасына жолданып отыр.

«Жастарды жұмыспен қамту бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2016 жылдың І тоқсанында 15-24 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2015 жыл қорытындысындағы 5,3 пайыздан 5,1 пайызға, 15-28 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыздан 4,6 пайызға төмендеп отыр»,-деп қорытындылады спикер.

Барлық жаңалықтар