ҚР Парламенті Конституциялық Кеңестің жыл сайынғы жолдауын қабылдады

17 Маусым, 2016 10:46
ҚР Парламентінің депутаттары Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында ҚР Конституциялық Кеңесінің «Қазақстан Республикасындағы конституциялықтың жай-күйі туралы» жыл сайынғы жолдауын қабылдады.

Дәстүрлі жолдауы барысында И. Рогов биылғы жылы Қазақстанның мемлекеттік Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отырғанын ерекше атап өтіп, осыған байланысты Конституциялық Кеңес жолдау арқылы конституциялық құндылықтар бойынша бекітілген мемлекеттік құрылымның келешегіне назар аударатынын мәлімдеді. «Осы арқылы Конституциялық Кеңес еліміз үшін тарихи процесстегі конституциялық шешімдер туралы баяндайды. Дәстүрлі түрде Кеңес негізінен кемшіліктер туралы баяндап келсе, биылғы жолдауда негізінен Конституцияда бекітілген құндылықтарға сәйкес, мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихы бойынша көзқарас білдіріп, баяндама  тілектер мен ұсыныстар сипатында болады», - деді И. Рогов.

Кеңес басшысы Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылығы азамат, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, деп атап өтті.

«Тәуелсіздікті нығайту конституционализмді және конституциялық заңдылық режимін үнемі күшейту, Ата Заң құндылығын толығымен жүзеге асыру, ел Конституциясының үстемдігін және тікелей  қолданылуын қамтамасыз ету жолдарымен күшейтіледі. «Бұдан бөлек, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту мақсатында Негізгі заңның 78-бабында соттардың бастамасы бойынша көзделген конституциялық бақылауды тиімді пайдалану, азаматтарды конституциялық патриотизмде тәрбиелеу, конституциялық құқықтық түсінушілікке, құқыққа сай жүріп-тұруға, құқық бұзушылыққа және құқықты теріс пайдалану, Конституциялық Кеңес осы айтылғандарды іске асыру конституционализмді орнықтылықпен және дәйектілікпен нығайтуға, құқықтық жүйені жаңғыртуға, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін күшейтуге, мемлекетті басқаруды жетілдіруге септігін тигізеді деп пайымдайды», деді И. Рогов.

Барлық жаңалықтар