- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында кәсіби-техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс көлемі артты
Жамбыл облысында кәсіби-техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс көлемі артты
Еркебұлан Құралбаевтың айтуынша, облыс бойынша 3 жоғары оқу орнында (2 мемлекеттік, 1 мемлекеттік емес) 12 724 студент оқуда. 2015-2016 оқу жылында 48 техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде (25 - мемлекеттік, 23 – мемлекеттік емес) 27 701 студент 85 мамандық, 133 біліктілік бойынша білім алуда. Ал, 27 кәсіби-техникалық оқу орындарында 26 мамандық бойынша оқытудың дуальді жүйесі енгізіліп, оған 1951 студент қамтылды.
«Облыста биыл кәсіби-техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс көлемі өсіп 3740 орын бөлінді. Екі мыңға жуық жастарымыз Отан алдындағы әскери борышын өтеуде. 2015-2016 жылында жоғары оқу орнын 4276 студент бітірсе, орта арнаулы оқу орнын 48 мамандық, 76 біліктілік бойынша 4147 студент оқуларын аяқтады. Өткен жылы орта арнаулы оқу орнын бітірген студенттердің 78,1 пайызы мемлекеттік тапсырыс аясында жұмысқа орналастырылған және жайластырылған»,- деді Е.Құралбаев.
Облыстағы 3 жоғары оқу орнында және 29 орта арнаулы оқу орнында жастар ісі жөніндегі комитет жұмыс жасайды (оның ішінде 19-ы мемлекеттік, 10-ы мемлекеттік емес орта арнаулы оқу орындарында). Сондай-ақ, 2016-2017 оқу жылында солтүстік өңірлердегі 30 техникалық және кәсіптік білім ұйымдарына 1050 (мемлекеттік білім беру гранты) грант бөлінсе, жоғары оқу орындарына 3162 мемлекеттік грант бөлініп отыр.
«Сонымен қатар, «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын, Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 2015-2020 жылдарға арналған Үштілді білім беруді дамыту Жол картасы бойынша Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мен облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. Аталған меморандум аясында студенттерге қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің деңгейлік курстары ұйымдастырылуда»,-деп қорытындылады спикер.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері