Астанада ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр

17 Маусым, 2016 10:02
Астанада ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы басталды. Отырыста қаралатын күн тәртібіне екі мәселе енгізілді: ҚР Конституциялық Кеңестің жолдауы туралы «ҚР конституциялық заңдылықтың жағдайы туралы» және ҚР Үкіметі мен Есеп комитетінің 2015-ші жылдың республикалық бюджетінің орындалуын қадағалау туралы есебі.

Конституциялық Кеңестің төрағасы И.Рогов Конституциялық Кеңестің «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жағдайы туралы» Жолдауын жариялайды. Биыл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігіне жиырма бес жыл болады. Сондықтан, Конституциялық Кеңес Жолдауында Республика Конституциясына бекітілген құндылық ретінде мемелекеттік құрылыстың жаңа тарихы көрініс табатын болады. 

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар