- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында жастар саясатын жүзеге асыруға 424,5 млн. теңге бөлінді
Жамбыл облысында жастар саясатын жүзеге асыруға 424,5 млн. теңге бөлінді
Брифингте Ұлт жоспары «100 нақты қадамы» мен жастар саясатының орындалу барысы айтылды. Брифинг барысында журналистер көкейдегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.
Еркебұлан Құралбаевтың сөзіне сүйенсек, бүгінгі күні облысымызда 14 пен 29 жас аралығында 277 674 жас бар. Яғни, жастар жалпы облыс халқының 25,3 пайызын құрап отыр. Оның ішінде қалада - 108 731 адам (Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу), ауылдық елді мекенде - 169 043 жас тұрады.Мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру көлемі де жыл санап артып келеді. Ағымдағы жылы мемлекеттік жастар саясатына жалпы 424,5 млн.теңге қаржы бөлінсе, оның аудандар мен Тараз қаласына 317,7 млн.теңгесі тиесілі. Ал, басқармаға жергілікті бюджеттен 106,8 млн.теңге қаражат бөлініп отыр»,- деді Е.Құралбаев.
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 18,0 млн.теңгеге 10 бағытта әлеуметтік маңызы бар жобалары қаржыландырып, Тараз қаласы мен аудандарда 40,7 млн.теңге қаржы қарастырылып, 46 бағытта жұмыстар жүргізу көзделуде»,-деді спикер.
Бүгінгі таңда облыс аумағында мемлекеттік жастар саясатын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу мақсатында барлығы 262 маманды құрайтын 12 «Жастар ресурстық орталықтары» (1 облыстық, 1 қалалық және 10 аудандық) жұмыс істейді.
«Жыл басынан арнайы қалыптастырылған критерийлер бойынша Тараз қаласы мен аудандарда мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуына рейтингтік бағалау жүргізіліп келеді. І тоқсан қорытындысы бойынша жоғары сатыдан көрінген Талас, Шу, Т.Рысқұлов аудандарында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы жоғары деңгейде жүргізіліп жатқандығын атап өтуге болады. Сонымен қатар, жергілікті жерлерде өткізілген Кеңестердің нәтижесінде ағымдағы жылдың үшінші онкүндігінде бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша облыс әкімі К.Көкрекбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өткізілмек»,-деп айтты басқара басшысы.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген