- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Гвинеяның Президенттері екіжақты серіктестіктің одан әрі дамуын талқылады
Қазақстан мен Гвинеяның Президенттері екіжақты серіктестіктің одан әрі дамуын талқылады
20-шы Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында өткен кездесу барысында мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты байланыстарды жолға қою перспективаларын қарастырды. Бұдан бөлек, Ислам ынтымақтастығы ұйымы шеңберіндегі бірлескен жұмыстарды қоса алғанда, халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер талқыланды.
Мемлекет басшысы мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында өтіп жатқан Гвинея Президентімен алғашқы кездесуінің символдық мәні бар екенін атап өтті.
«Біздің еліміз тәуелсіздікке 25 жыл бұрын қол жеткізді, Африка құрлығы мемлекеттерімен ынтымақтастықты енді ғана бастап жатырмыз. Жақында сапармен келген Сенегал және Руанда елдерінің президенттері Қазақстанда болды. Қазақстан мен Гвинея арасының шалғайлығы елдеріміздің өзара тығыз ықпалдастық орнатуына кедергі болмайды деп сенемін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
А.Конде Қазақстан Президентіне кездесу үшін алғыс айтып, екіжақты серіктестіктің түрлі салаларындағы қарым-қатынастардың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды