• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Президенті мен РТЖ башысы көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан Президенті мен РТЖ башысы көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

16 Маусым, 2016 20:04
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ресей темір жолдары» ААҚ президенті Олег Белозеровпен Санкт-Петербург қаласында кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері, сондай-ақ екі елдің көлік әлеуетін іске асырудың перспективалы бағыттары талқыланды. 

Нұрсұлтан Назарбаев теміржол компаниясымен ынтымақтастықтың табыстылығына назар аударып, осы саладағы серіктестікті инновациялық технологияларды енгізу және тасымалдар тиімділігін арттыру арқылы одан әрі дамыту қажеттігін айтты.

О.Белозеров Қазақстан тарапымен өзара іс-қимыл деңгейінің жоғары екенін атап өтіп, таяу кезеңге арналған жұмыс жоспарлары жөнінде әңгімеледі.

 

Барлық жаңалықтар