- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Қостанай облысында 2016 жылы 56% қаржы меңгерілді (БЕЙНЕ)
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Қостанай облысында 2016 жылы 56% қаржы меңгерілді (БЕЙНЕ)
«Сарапшы комиссия мүшелерімен ашықтықты қамтамасыз ету, бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану бойынша бірқатар ескертулер айтылды. Айта кететін жайт, бюджеттік қаражаттың шығыны, мемлекеттік сатып алу рәсімі, жасалған келісімшарт бойынша жеткізушілердің өз жұмыстарын уақытылы орындауы бойынша әрдайым бақылау жүргізіп отырамыз»,-деді ол.
Оның айтуы бойынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ҚР Ұлттық қорынан облыс үшін 5 млрд 228 млн теңге бөлінген, оның 99,2 пайызы меңгерілген. 2016 жылы 27 жобаны іске асыру үшін бағдарлама бойынша 8 млрд 973 млн теңге қарастырылған.
«Жергілікті бюджеттен 464 млн теңгені қаржыландырдық. Бірінші жартыжылдығында бюджеттің орындалу пайызы жылдық жоспардың 56% құрады»,-деді ол.
Облыс әкімі облыстың ауа райының ерекшеліктерін ескере отырып, 9 млрд теңгенің 50 пайызы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына жіберілгендігін айтты.
«Біз солтүстік аймақ болғанымызды ескере келе, жылу беру мезгілі ұзақ жүреді – 214 тәулік, 9 млрд теңгенің жартысы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының жөндеу жқмысына және 25 пайызы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысына жұмылдырылады»,-деді ол.
Анар Тәңірқұлова
Бейне:Азамат Әлиев
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды