• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қоғамның тұрақтылығы және оның одан әрі алға жылжуы бұдан былай жұмыспен қамту мәселесімен анықталатын болады – ҚР Премьер-Министрі (ВИДЕО)

Қоғамның тұрақтылығы және оның одан әрі алға жылжуы бұдан былай жұмыспен қамту мәселесімен анықталатын болады – ҚР Премьер-Министрі (ВИДЕО)

16 Маусым, 2016 18:37
Қоғамның тұрақтылығы және оның одан әрі алға жылжуы бұдан былай жұмыспен қамту мәселесімен анықталатын болады, деп ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанада өткен «Атамекен» ҚР ҰКП III съезі барысында мәлім етті.

«Ең бастысы, қоғамның тұрақтылығы және оның одан әрі алға жылжуы бұдан былай жұмыспен қамту мәселесімен анықталатын болады. Егер адам жұмыс жасаса, егер оның жұмысы болса, жалақысы болса, оның жұмысқа деген құлшынысы жоғарылайды, яғни барлығы жұмыспен қамту айналасында болуы тиіс»,-К.Масімов.

Осыған орай, Үкімет басшыс ҚР жаңа вице-премьері А.Мырзахметовке ҰКП мүшелерімен бірге ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі ұсыныстарды дайындауды тапсырды, сонымен қатар отандық тауарлардың сұранысын ұлғайтуды тапсырды.

Сондай-ақ, Премьер –Министр сөз барысында Қазақстан шикізат елі болып келетіндігін және шикізат қорына инвестицияны тарту мәселесі сыртқы және ішкі нарықта маңызды сұрақ болып келетіндігін айтып өтті.

«Біз қозғалуымыз керек және алдағы күні шикізат қорына инвестицияны тарту үшін тартымды жағдайлар жасауымыз тиіс»-деп толықтырды сөзін.

Индира Қауметова

Видео Азамат Әлиева

Барлық жаңалықтар