- Басты
- Жаңалықтар
- Көлік инфрақұрылымын 2020 жылға дейін даму мембағдарламасы аясында тарнзиттің көтерілуі 35,7 млн тоннаны құрайды – А. Жұмағалиев
Көлік инфрақұрылымын 2020 жылға дейін даму мембағдарламасы аясында тарнзиттің көтерілуі 35,7 млн тоннаны құрайды – А. Жұмағалиев
«Облыс орталықтары, Астана, Алматы, Жесқазған қалаларының әуежайлары 100% талаптарға сәйкес келетiн болады, жүк айналымы мен жолаушыла тасымалының сәйкесiнше 1,6 және 1,5 есе артуына мүмкiндiк берiлмек. Мемлекет басшысының транзиттi 2 есе арттыру тапсырмасын бергенiн бiлесiздер, бұл бағдарлама арқылы транзиттi 35,7 млн тоннаға дейiн арттыруға болады», - деп толықтырды министр.
«Логистика индексiн 40-орынға дейiн жақсартуға болады. Бұл көрсеткiштi 2020 жылдан кейiн арттыру iлеспе бағдарламада қарастырылатын болады. Осылайша, Мемлекет басшысы алдымызға қойған 30 орынға болашақта қол жеткiзетiн боламыз. Аталмыш мемлекеттiк бағдарлама барлық мүдделi органдармен келiсiлген», - деп қосты министр.
«Бағдарлама аясында жолда қызмет көрсету мен жолаушылар тасымалын жақсарту қарастырылған. 260 қызмет көрсету пунктiн салу жоспарланған. Оның 31-i республикалық бюджет есебiнен, қалған 229-ы жеке инвестицияларға салынбақ. Сондай-ақ, түгел дерлiк, яғни 34 автовокзал мен 134 автостанса жаңартылатын болады. Бұған қоса, сапалы автокөлiк қызметтерiн көрсету үшiн қалалардағы 9 автовокзал мен 45 автобекет қайта құрылмақ», - дедi Жұмағалиев.
А.Жұмағалиев автомобиль жолдарын, темір жол саласын, су көлігін, азаматтық авиацияны, ішкі және сыртқы терминалдық желіні дамыту, жол жанындағы қызмет көрсетуді, жолаушылар тасымалдау жүйесін жетілдіру жоспарлары туралы мәлімдеп, Бағдарламаның экономикалық тиімділік көрсеткіштеріне тоқталды. Олардың ішінде, министр 30 мың км және 8 202 км сәйкес ұзындықтағы автомобиль және теміржол жолдарын жөндеу және жөндеу жұмыстарын; транзиттік жүктерді 2 есеге, жүк айналымын 1,6 есеге және жолаушы айналымын 1,5 есеге арттыруды атады. Сондай-ақ, барлық автостанциялар мен темір жол вокзалдары жетілдіріледі.
Оның айтуынша, аталған бағдарламаны жүзеге асырудың арқасында 2020 жылға қарай Қазақстанда 32 мың автожол жақсартылады, 46,6 мың км қанағаттанарлық сапамен қамтылса, қалған магистральдерді келесі жылдары жөндеу жоспарланып отыр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады