• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанай облысында мыңдаған мемлекеттік қызметкер 2016 жылы біліктілігін арттырады (ФОТО)

Қостанай облысында мыңдаған мемлекеттік қызметкер 2016 жылы біліктілігін арттырады (ФОТО)

16 Маусым, 2016 18:03
Қостанай облысында 1040 адам немесе 28,5 мемлекеттік қызметкер 2016 жылы өз біліктілігін арттырады, деді «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Нұр Отан» партиясының қоғамдық кеңесінің отырысында.

«Жемқорлыққа қарсы тұру бойынша жұмыс кадрлық саясатты жақсарту бойынша алдын ала  сипатқа ие. Құқық бұзу мен қылмыстың алдын алу шараларының бірі кадрларды дұрыс таңдап, бөлу болып табылады», - деді ол.

Оның айтуынша, тұрақты түрде жергілікті орган жетекшілерінің  байқауы үнемі жүргізіліп тұрады.Қостанай облысының мемлекеттік қызмет бірлігінің саны 6489 адам болса, оның ішінде 3644 атқарушы органдарда жұмыс істейді.

«Іріктеу кезеңінен өткендер  құзырлы органдарда арнайы тексерістен өтеді», - деді ол.

А.Мұхамбетов айтып өткендей, өткізілген шаралар нәтижесінде 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап атқарушы органдардың мемлекеттік қызметкерлері жемқорлық бойынша жауапкершілікке тартылмады.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар