• Басты
  • Жаңалықтар
  • ОҚО-да жергілікті полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық шара өткізді (ФОТО)

ОҚО-да жергілікті полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық шара өткізді (ФОТО)

16 Маусым, 2016 19:31
ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектеп оқушыларының жазғы демалысы кезінде, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында облыс аумағында «Жазғы демалыс» профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға, Прокуратура, «Нұр Отан» партиясы, облыстық маслихаттың депудаттары, білім, денсаулық сақтау, спорт, жастар саясаты мәселелері, жастар ресурстық орталығы, ата-аналар комитеті, 8кіметтік емес ұйым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыстырылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде, кәмелетке толмағандар саласына қатысты 453 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде, балаларын тәрбиелеу жөніндегі мiндеттерiн орындамағаны үшін – 27 ата-анаға қатысты іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау мақсатында сот органдарына жолданды. 

Сондай-ақ, сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген – 407 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына әкімшілік шара қолданылды. Ал ата-анасының қадағалауынсыз жүрген 17 жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Сонымен қатар, құқықбұзушылыққа бейім – 72 жасөспірім және 48 қолайсыз отбасы Ішкі істер органының есебіне алынды. 

Жазғы демалыс кезінде, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында аула клубтарының жұмыстары ұйымдастырылды. Онда, жазғы демалыс лагерлеріне қамтылмай қалған жасөспірімдер арасында спорттық іс-шаралар өткізілді.

Барлық жаңалықтар