- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұр Отанда» Қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды
«Нұр Отанда» Қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды
Бейнеконференция байланысы форматында өткен отырысты ҚР Парламент Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформасы комитетінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің төрағасы Нұрлан Әбдіров ашты.
Шараға қатысушылар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 99-қадамын, Қоғамдық кеңестерді құру және қызметін жетілдіруді жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Отырыста аталып өтілгендей, қазір таңда республика бойынша 225 қоғамдық кеңес құрылды. Оның ішінде 12-сі – республикалық, 16-сы – облыстық және Астана, Алматы қалалары, 197-сі – қалалық және аудандық деңгейде. Бүгінде онда 3791 адам жұмыс істейді. Оның 70 пайыздан астамы конкурстық негізде қабылданған азаматтық қоғам өкілдері.
Қоғамдық кеңестердің мүшелері қатарына ҚР Парламентінің депутаттары – Нұрлан Оразалин, Георгий Ким, Бірғаным Әйтімова, Қуаныш Сұлтанов, Гүлжан Қарағұсова, Артур Платонов, Бекболат Тілеухан, танымал қоғам қайраткерлері – Оралбай Әбдікәрімов, Мырзатай Жолдасбеков, Кенжеғали Сағадиев, Анатолий Башмаков, Мэлс Елеусізов, Зинаида Федотова, Әлихан Тойбаев, ҮЕҰ басшылары – Нұрлан Ерімбетов, Еңлік Нұрғалиева, Марат Башимов, Елена Дмитриенко және басқалары енді.
Қоғамдық кеңестер жер реформасы, аймақтарды дамыту бағдарламалары, ТКШ, жер қойнауын пайдалану, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету және тұтынушылар үшін тауарлық газды қолдану нормалары бойынша өңірлердегі санитарлық-экологиялық жағдайды жақсарту мәселелеріне байланысты 16 қоғамдық қабылдаулар өткізді.
Қоғамдық кеңестердің жұмыс жоспарларына сәйкес тұтас республика көлемінде әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша 340-тан астам қоғамдық қабылдау өткізу жоспарланған.
Қоғамдық кеңестердің мүшелері жаңа жер реформасына қатысты мәселелерді түсіндіру жұмыстарына белсене қатысуда. Барлық облыс орталықтары мен Алматы қаласында қоғамның кең ауқымын, саяси партиялар өкілдерін, ҮЕҰ-ды, шаруа қожалықтарын, этномәдени бірлестіктерді қамтыған қоғамдық кеңестер отырыстары өтті. Сондай-ақ, мұндай іс-шаралар қалалар мен аудандардағы қоғамдық кеңестерде де жандандырылған.
Бірлескен отырыс қорытындысында бірқатар ұсыныс қабылданды. Атап айтқанда, мемлекеттік органдарға Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның кіші жұмыс тобымен бірлесіп, бірлескен өңірлік оқыту семинарларын, қоғамдық кеңестердің өңірлік және республикалық өкілдері үшін республикалық семинарларды өткізу арқылы қоғамдық кеңес мүшелерінің әлеуетін арттыру бойынша, қоғамдық кеңестер қызметі және олардың қызметін танымал ету туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмысты жалғастыру және тағы басқа тетіктер ұсынылды.
Одан бөлек, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарына облыстардың, қалалардың және аудандардың қоғамдық кеңестерін аралау, қоғамдық кеңестер төрағаларымен және хатшыларымен кездесу, мүмкін болған жағдайда олардың отырыстарына қатысу ұсынылды.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Мұнай-газ өндіру мәселелері