• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасы 20-шы Халықаралық экономикалық форумға қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына келді

Елбасы 20-шы Халықаралық экономикалық форумға қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына келді

16 Маусым, 2016 15:17
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Нұрсұлтан Назарбаев 20-шы Халықаралық экономикалық форумға қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына келді. Форум аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізу көзделіп отыр», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Ресей Президенті В.Путинмен және ресейлік бизнес өкілдерімен кездесуі жоспарланған. 

 

Барлық жаңалықтар