• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қытай компаниясы Өскеменде қалдықтарды қайта өңдеу және сұрыптау бойынша зауыт ашады

Қытай компаниясы Өскеменде қалдықтарды қайта өңдеу және сұрыптау бойынша зауыт ашады

16 Маусым, 2016 17:32
Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату жағдайын өзгерту үшін, қала экологиясын қалпына келтіру үшін Өскемен қаласында қалдықтарды қайта өңдеу және сұрыптау бойынша зауыттың құрылысы басталады. Қала биліктерімен бірге өз қаржысына экологиялық жағдайды жақсартуға «Янь Хэ» компаниясы кірісті, деп ШҚО ақпарат орталығы хабарлайды.

Айта кетейік, жаңа зауыттың құрылысы Өскемен қаласының әкімдігі мен «Янь Хэ» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында өтуде.

«Өскеменнің қалдықтарды өңдеу зауытымен меморандумға қол қойылды, алайда ол өз жұмысын орындамады. Бүгін біз сотқа келісімді бұзу туралы өтініш бердік. Зауыттың құрылысымен қытай компаниясы айналысатын болады. Аталмыш жұмыс Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» іске асыруға кіреді»,-деді Өскемен қаласының әкімі Ерлан Аймұқашев.

Сондай-ақ облыс орталығының басшысы сөз барысында Өскемен қаласының әкімдігімен шығарындыларды қысқартудың кешенді жоспары қаралып жатқандығы айтылды.

Жасалған жұмыстың қорытындысы бойынша екі компания Өскемен қаласында гас станцияларын құруға ықыластарын  білдірді.

Айта кетейік, қалада негізгі ластаушы заттарды бақылайтын 13 станционарлық және 9 химиялық бекеттер жұмыс жасайды. 

Барлық жаңалықтар