• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЖТҚ-ға бағытталған ресурстар елдегі құрылысты дамытуды ынталандырады (БЕЙНЕ)

ЖТҚ-ға бағытталған ресурстар елдегі құрылысты дамытуды ынталандырады (БЕЙНЕ)

16 Маусым, 2016 15:19
Жеке тұрғын үй құрылысына бағытталған ресурстар елдегі құрылысты дамытуды ынталандырады, деді Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Астанадағы «Атамекен» ҰКП III Съезінде.

«Шағын несиелеу мәселесі бойынша бастама жұмыс істегеніне қуаныштымын. Оның сұранысы өте жоғары және бағдарлама жүзеге асып жатыр. Аталмыш ресурстардың  аясында  шағын несиелеуді дамыту бастамасы  аса назар аудару мен кеңейтуді қажет етеді. Бұл бағдарламаны дамыту үшін барлығымыз жұмыс істейік», - деді К.Мәсімов.

Премьер-Министр айтып өткендей, жеке тұрғын үй құрылысына қаржының жартысы бағытталады.

«Мемлекет басшысы біз жеке тұрғын үй құрылысын қолдап жатқанымызды айтқан болатын.  Ол тек ірі жобалар ғана емес,  инфрақұрылымды дамыту. Олардың ресурстары арасында белгіленген сома анықталады. Бұл ЖТҚ-ны дамыту мен елдегі құрылысты  дамытуды ынталандырады», - деді Үкімет басшысы.

Анар Тәңірқұлова

Бейне: Азамат Әлиев

 

 

Барлық жаңалықтар