• Басты
  • Жаңалықтар
  • К.Мәсімов: Жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру қажет

К.Мәсімов: Жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру қажет

16 Маусым, 2016 15:03
Жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру қажет, сонымен қатар еңбек ресурстарының ұтқырлығын, деп ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанада өтіп жатқан «Атамекен» ҚР ҰКП-ның III съезі барысында мәлім етті.

«Қоғамдағы тұрақтылық, одан әрі іргеліреу жұмыспен қамту мәселесіне тұспа-тұс келеді. Егер адам жұмыс істесе, егер оның жалақысы болса, ол сатып алу мүмкіндігін де жоғарылатады, сіздердің өнімдеріңізді сатып алады. Біз мезгілдік жұмыс орындарын тез арада құрып жатырмыз, содан кейін нарықта жағдай өзгереді және бізде тағы да мәселелер туындайды. Жалпы алғанда, өнімді жұмыс бес бағыттан құрылуы мүмкін»,-деді К.Мәсімов.  

Оның айтуы бойынша, бірінші бағыт – ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін арттыру.

«Біздің жағдайда ауыл шаруашылығы – біздің еліміз үшін ұтылмайтын бағыт. Біз сіздермен екі жыл бұрын азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасы туралы айттық және ақша бөлдік, ендігі күні оның шетін таба алмайсын, министрлік онымен банк айналысты деп айтуда, ал банктер болса – клиенттерді несиелендірді. Көптеген себептерге байланысты өзгеріс болған жоқ»,-деді К.Мәсімов.

К.Мәсімов вице-премьер Асқар Мырзахметовке ҚР ҰКП өкілдерімен ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін қалай жоғарылату керектігі бойынша тапсырманы берді.

Екінші бағытта еңбек ресурстарының ұтқырлығы екендігін айтып өтті.

«Егер экономика құрылым бойынша бізбен бірдей елдерді салыстыратын болсақ, алайда дамудың басқа деңгейінде тұрған елдерді алатын болсақ, мысалы Австралия мен Канада және біз олардың деңгейіне жетуге құлшынуымыз керек. Ол жерде нақты анықталған мәселелер бар – шикізатқа, мұнайға баға төмендеуде, алайда еңбек ресурстары жақсы дайындалған, егер бір жақта жабылып жатса, мүмкіндіктер басқа жағынан ашылып жатады және ол өзінің дайындығы есебінен жоғары біліктіліне алады»,-деді ол.

ҚР Премьер-минситрі сөз барысында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметінде жұмыс тобының жұмыс жасап жатқандығын және аз уақыт ішінде нақты ұсыныстар белгілі болатындығын айтып өтті.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар