• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның көліктік транзиттік мүмкіндігі Шанхайдағы көлік логистика халықаралық көрмесіне ұсынылды

Қазақстанның көліктік транзиттік мүмкіндігі Шанхайдағы көлік логистика халықаралық көрмесіне ұсынылды

16 Маусым, 2016 20:06
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Қанат Алпысбаев басқарған делегациясы Шаңхайдағы «Transport Logistic China 2016» Халықаралық арнайы көрмесіне қатысуда, деп хабарлады «ҚТЖ» АҚ.

Көрмеге әлемнің 47 елінен өкілдер қатысып, 500-ге жуық қабырғалық көрме материалдары шығарылған.

Қазақстандық теміржолшылар KTZ Express мультимодальдық операторының еуразиялық бағдардағы көліктік-логистикалық қызметінің тұсаукесерін өткізді. Көрме қатысушылары Қытайдан Еуропаға баратын тұрақты контейнерлік пойыздың, басқа да сервистік сапалы қызмет түрлерімен танысты. Оның сыртында компания Қазақстанның көліктік-логистикалық дамуындағы бірқатар инвестициялық жобаларды ұсынды.

Қ. Алпысбаевтың айтуынша, Шаңхай халықаралық көрмесінің қатысушылары Қазақстан аумағымен   Еуропаға, Иран және Түркияға шығааратын транзиттік бағдарына қызығушылық танытып отыр.

Қазақстандық делегацияның жетекшісі Қ. Алпысбаев жалпы сессия отырысына қатысып, Қытай логистикалық платформасы өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар Достық –Алашаңқай және Алтынкөл-Қорғас халықаралық шекаралық өткелдер арқылы тасымалдауды ұйымдастыру шараларын талқылады.

Қ. Алпысбаев көрме қатысушыларын жүктерді жеткізудің қызмет сапасы мен жылжымалы құрамның инновациялық жайы, технологиялық шешімдері қызықтырып отырғандығын атап өтті.

Анықтама: Халықаралық TransportLogisticChina  көрмесі көлік, логистика, телетақырып, электрондық коммерция, қойма шаруашылығы, материалдарды өңдеудің және жолаушылар мен жүк тасымалдау саласындағы ірі алаң болып саналады.

 

Барлық жаңалықтар