• Басты
  • Жаңалықтар
  • К.Мәсімов: Зейнетақы қорының қаржысын әкімшілік әдіске қарағанда нарықтық түрде жұмсаған тиімді (ФОТО)

К.Мәсімов: Зейнетақы қорының қаржысын әкімшілік әдіске қарағанда нарықтық түрде жұмсаған тиімді (ФОТО)

16 Маусым, 2016 13:46
Зейнетақы қорының қаржысын әкімшілік әдіске қарағанда нарықтық түрде жұмсаған тиімді, деп ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанада өтіп жатқан «Атамекен» ҚР ҰКП-ның III съезі барысында мәлім етті.

«Біз қазір Ұлттық қордың қорларын қолдану бойынша мәселені талқылау үстіндеміз. Ұлттық қор – ортақ мүлік. Бұл Үкіметтің мүлкі емес, ол барлық азаматтардың мүлкі. Осыған орай оны қалай дұрыс бөлуге болад? Ұлттық қорға оның қандай бөлігі кетуі керек? Бюджетті не істеуіміз керек? Оның барлығын қалай жасаймыз? Егер сіздердің қандайда бір ұсыныстыраңыз болса, біз оны таңдауға дайынбыз»,-деді К.Мәсімов.

Сондай –ақ , Премьер-Министр сөз барысында зейнетақы қорытның қаражатын пайдалануға да көңіл бөлді. Оның айтуы бойынша, зейнетақы қорының қаржысын әкімшілік әдіске қарағанда  нарықтық  түрде жұмсаған тиімді

«Зейнетақы қорының қаржысын пайдалану бойынша ойларын айтып шықты. Ондай мүмкіндік бар. Мүмкін, осы мәселеге түбегейлі қарау керек. Менің жеке ойым, қандайда бір әкімшіліктен гөрі, нарықтық пайдалан әлдеқайда жақсы. Өкінішке орай, біз оны әкімшілікте жасаймыз, шешім қабылдаудамыз. Алайда ол біздің ақшамыз емес. Ол салымшылардың , біздің зейнеткерлердің ақшасы. Осы бойынша қалай жұмыс жасау керек туралы сіздің ойларыңызды білгім келеді. Мүмкін, Ұлттық банктің басқармаларымен кездесу керек шығар, зейнетақы қорының жетекешілерімен кездесу керек болатын шығар»,-деді Премьер-Министр.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар