• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда бірінші санаттағы дәрігерлер мен медбикелердің еңбегін дифференциалды бағалау енгізілді

Қазақстанда бірінші санаттағы дәрігерлер мен медбикелердің еңбегін дифференциалды бағалау енгізілді

16 Маусым, 2016 13:29
Қазақстанда бірінші санаттағы дәрігерлер мен медбикелердің еңбегін дифференциалды бағалау енгізілді .Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Отандық денсаулық сақтау саласының үздік дәстүрлері – медицина қызметкерлері ерен еңбегінің жемісі» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Алексей Цой айтты.

«ҚР ДСӘДМ қатерлі ісік ауруларымен күрес бойынша үлкен жұмыс атқаруда. Қатерлі ісік ауруларын ерте кезеңде анықтау үшін скринингті енгізумен бірге, қажеттілікке сай химиялық препараттармен қамтамасыз етуге қомақты қаржы бөлінді. Онкологиялық ауруханалардың материалдық-техникалық базасы күшейтілді, қымбат құрал-жабдықтар сатып алынды. Бүгінде  МЖСМ дәрігері  негізгі жаалақыға қосымша ретінде  54 мың теңге, медбике 30 мың теңге алады», - деді ол.  

Сондай-ақ, Вице-министр ҚР ДСӘДМ кәсіби бірлестіктермен бірлесе отырып медициналық көмек стандарттарын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Сапаны басқару тетіктерінің бірі болып табылатын аккредиттеу жүйесі қазіргі таңда кепілдік берілген көмек көлемі бойынша мемлекеттік тапсырысты алу барысында басым мәнге ие.

«Дәрілік қамсыздандыруды жетілдіру мақсатында өткен жылы шетелдің сарапшылармен бірлесе отырып Ұлттық дәрілік формуляр әзірленіп, енгізілді. Оған республикада тіркеліп, барлық клиникалық тиімділігі дәлелденген және әрбір дәрінің шектік бағасы көрсетілген дәрілік заттар кіреді. Кепілдік берілген тегін медициналық көмек аясында сатып алынатын дәрілік заттардың тізімі жаңартылып, референттік баға құруды енгізудің бірінші кезеңі қамтылды.», - деді А.Цой.

 

Барлық жаңалықтар