• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Бәйтерек Девелопмент» АҚ ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысы бойынша 55 млрд теңгені игерді

«Бәйтерек Девелопмент» АҚ ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысы бойынша 55 млрд теңгені игерді

16 Маусым, 2016 12:57
«Бәйтерек Девелопмент» АҚ ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысы бойынша 55 млрд теңгені игерді , деді ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті отырысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасының мүшесі, атқарушы директоры Ерсайын Хамитов.

 «Холдингтің еншілес ұйымы «Бәйтерек Девелопмент» АҚ-да 431 мың шаршы метрге (7,6 мың пәтер) қосымша жобалар пулы бар.Банктер 2015 жылы шағын және орта бизнеске берген кредиттердің 41 % – «Бәйтерек» холдингінің қаражаты. Холдинг ШОБ-ты 524 млрд. теңгеге қаржыландырды. «Бәйтерек Девелопмент» АҚ ЭКСПО-2017 көрмесіне нысандарды салу бойынша 55 млрд теңгені игерді», - деді Е.Хамитов.

Оның айтуынша, Холдингтің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бағыты бойынша 2013 жылдан бері жобаларға 1 359,1 млрд. теңге жалпы сомасына қолдау көрсетілді. 2013 – 2015 жылдар мен 2016 жылдың 1-тоқсаны ішінде 70 937 жұмыс орны құрылды, 438,5 млрд. теңге сомасына салық төленді, 5 315,8 млрд. теңге сомасына өнім шығару қамтамасыз етілді. 

 

Барлық жаңалықтар