Жыл сайын Қазақстанда 75 мыңнан астам кардиохирургиялық оталар жасалады

16 Маусым, 2016 12:51
Жыл сайын Қазақстанда 75 мыңнан астам кардиохирургиялық оталар жасалады. Озық технологияларды енгізу жүрек-қан тамырлары ауруларының асқынуын және өлімді азайтуға мүмкіндік берді, деп ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Александр Цой ОКҚ-да мәлім етті.

«Жыл сайын республикада 75 мыңнан астам кардиохирургиялық оталар жасалады. Асқыну салдары өлім-жітім мен мүгедектікке әкелетін миының қанайналымы жіті бұзылған ауруларға жоғарғы санатты көмек көрсетілетін 40 инсульт орталығы ашылды. Жоғарғы технологияларды енгізу - жүрек- қантамырлар ауруларынан болатын асқынулар мен өлім-жітім көрсеткішін айтарлықтай азайтты. Нәтижесінде қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім соңғы 5 жылда 2 есеге азайды. Ағзалар мен тіндерді транспланттау белсенді түрде дамып келеді. Соңғы 5 жылда жүрек, өкпе, бауыр, ұйқы безін ауыстыру бойынша 700-ден астам ота жасалды», - деп атап айтты Алексей Цой.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан Ұлттық кардиохирургия ғылыми-зерттеу орталығының базасында жүрекке ашық түрде бірегей жоғары техноло­гиялық оталар жасайтын әлемнің 22 жетекші елінің қатарына кірді.

«Соңғы төрт жылда 28 донорлы жүректі трансплантациялау өткізілді. Ғылым орталықтары мен республикалық орталықтар аймақтың 130 емханасына өз тәжірибелерін беруд. оғарғы технологияларды енгізу - жүрек- қантамырлар ауруларынан болатын асқынулар мен өлім-жітім көрсеткішін айтарлықтай азайтты. Нәтижесінде қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім соңғы 5 жылда 2 есеге азайды»,-деді А.Цой.

Барлық жаңалықтар