- Басты
- Жаңалықтар
- А.Цой: Санавиация 5 жыл ішінде жағдайы ауыр пациенттерге көмек көрсету үшін 6,7 мың ұшырылым жасады
А.Цой: Санавиация 5 жыл ішінде жағдайы ауыр пациенттерге көмек көрсету үшін 6,7 мың ұшырылым жасады
«Тұрақты қаржыландыру мен төлем жүйесінің жаңа әдістері еліміздегі халықаралық деңгейде енгізілетін жоғары әрі бірегей технологиялардың даму тетігін қалыптастырды. Жыл сайын республикада 75 мыңнан астам кардиохирургиялық оталар жасалады. Асқыну салдары өлім-жітім мен мүгедектікке әкелетін миының қанайналымы жіті бұзылған ауруларға жоғарғы санатты көмек көрсетілетін 40 инсульт орталығы ашылды. Жоғарғы технологияларды енгізу - жүрек- қантамырлар ауруларынан болатын асқынулар мен өлім-жітім көрсеткішін айтарлықтай азайтты», - деді ол.
«Нәтижесінде қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім соңғы 5 жылда 2 есеге азайды. Ағзалар мен тіндерді транспланттау белсенді түрде дамып келеді. Соңғы 5 жылда жүрек, өкпе, бауыр, ұйқы безін ауыстыру бойынша 700-ден астам ота жасалды», - деп атап айтты Алексей Цой.
ҚР ДСӘДМ қатерлі ісік ауруларымен күрес бойынша үлкен жұмыс атқаруда. Қатерлі ісік ауруларын ерте кезеңде анықтау үшін скринингті енгізумен бірге, қажеттілікке сай химиялық препараттармен қамтамасыз етуге қомақты қаржы бөлінді.
«Онкологиялық ауруханалардың материалдық-техникалық базасы күшейтілді, қымбат құрал-жабдықтар сатып алынды. Радиациялық онкологияның 5 жоғарғы технологиялы орталығы құрылды. Астанада шетелдік әріптестермен бірлесе отырып, заманауи талаптарға сай, сырқаттанған адамдарға тегін жоғарғы білікті көмек көрсетілетін Ұлттық ғылыми онколгиялық орталықты құру жоспарланып отыр», - деді ол.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі