- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан кәсіпкерлерінің жемқорлыққа қарсы іс-әрекет хартиясы «Атамекен» ҰКП-ң съезінде қабылданды
Қазақстан кәсіпкерлерінің жемқорлыққа қарсы іс-әрекет хартиясы «Атамекен» ҰКП-ң съезінде қабылданды
Съезде ҚР Президентінің іскерлік ортаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау құжаты ретінде Қазақстан кәсіпкерлерінің жемқорлыққа қарсы іс-әрекет хартиясы таныстырылды.
«Хартия отандық бизнеске жемқорлыққа қарсы іс-әрекет тиімді тетігін енгізу ерікті міндетінен басталып, алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге негізделген. Хартия декларациялық құжат емес. Бастысы әлеуметтік-құқықтық саяси тұрғыда іскерлік ортаға қолдау көрсетіп, Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іс-әрекетпен жүзеге асыруға дайындығын білдіреді»,-деді ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының кеңесшісі Қайырбек Сүлейменов.
Сонымен қатар, Хартия мүшелері кәсіпкерлік қызметті жүргізу барысында заң нормаларын сақтауда өзіне үлкен жауапкершілікті алатын болады.
Айта кету керек, Хартия кәсіпкерлік қоғамдастықтағы барлық субъектілерін ашық және тұрғылықты жеріне, тіркеуде тұрғанына немесе қызмет саласына қарамайды.
«Хартияны енгізу Қазақстан кәсіпкерлері қызметінде азаматтық қоғамдастықпен күш біріктіруге мүмкіндік береді және мемлекеттің экономикалық реформаны сәтті жүзеге асыруна ықпал ететінін сеніммен айтып өткім келеді»,-деді Қ.Сүлейменов.
Индира Қауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты