• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Бәйтерек» холдингіне шикізаттық емес салаларында ірі жобаларды қаржыландыруға 360 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

«Бәйтерек» холдингіне шикізаттық емес салаларында ірі жобаларды қаржыландыруға 360 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

16 Маусым, 2016 11:58
«Бәйтерек» холдингіне шикізаттық емес салаларында ірі жобаларды қаржыландыруға 360 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, деді ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитеті отырысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасының мүшесі, атқарушы директоры Ерсайын Хамитов.

««Бәйтерек» холдингі экономиканың шикізаттық емес салаларына ұзақ мерзімді кредит беру үлесін 2013 жылғы 19 %-дан (81 млрд. теңге) 2015 жылғы 40 %-ға дейін (262 млрд. теңге) ұлғайтты.  2013 – 2016 жылдар аралығында экономиканың шикізаттық емес салаларында ірі жобаларды қаржыландыруға «Бәйтерек» холдингіне 365,4 млрд. теңге бөлінді», - деді Е.Хамитов.

Ұлттық қор қаражаты 250 млрд. теңгені(214 млрд. теңге игерілді) құрады. Республикалық бюджет қаражаты – 115,4 млрд. теңге (106,5 млрд. теңге игерілді). Өңдеу өнеркәсібінің субъектілеріне кредит беру деңгейі 45 %-ды (216,4 млрд. теңге), энергетика – 16 %-ды (7,5 млрд. теңге), көлік және логистика –  18 %-ды (17,7 млрд. теңге), байланыс – 65% (20,6 млрд. теңге) құрады.  

«Жоспарлы қуатқа шыққан кезде кәсіпорындар өндірісінің жыл сайынғы өсімі 783 млрд. теңгені құрайды. Бюджетке төленетін салық - 76 млрд. теңге. 3 600 жұмыс орны құру жоспарланады. Бұдан басқа, 2015 жылы экспорттаушыларды қолдауға бөлінген 50 млрд. теңге есебінен шетелге 312 млрд. теңге сомасына өнім сатылды, бұл 2015 жылғы Қазақстанның шикізат экспортының жалпы көлемінің 10 %-ын құрайды», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар