• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Атамекен» ҰКП-да 2015 жылға арналған сервистік қолдау шеңберінде 35 мың қызмет көрсетілді

«Атамекен» ҰКП-да 2015 жылға арналған сервистік қолдау шеңберінде 35 мың қызмет көрсетілді

16 Маусым, 2016 11:42
«Атамкен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында 2015 жылға арналған сервистік қолдау шеңберінде 35 мың қызмет көрсетілді, деп «Атамакен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов Астанада өтіп жатқан «Атамекен» ҚР ҰКП-ның III съезі барысында мәлім етті.

«Сервистік қолдау көрсету бойынша. Бұл қызмет бізге 2015 жылдан бастап толығымен берілді. Бірінші жыл ішінде ғана, көрсетілген қызмет көлемінің сол ақшасына (1,6 млрд теңге) 3 есеге көп ұлғайттық. 35 мың қызмет алынды. Біздің аудан орталығында кәсіпкерлер 212 мың кеңес алды, көбінесе олар жеке кәсіпкерлер. 15 мыңы бизнес-мектептен оқытудан өтті. Осы жылы бұл жұмысты одан әрі өсірудеміз»,-деді А.Мырзаметов.

Басқарма төрағасы сөз барысында сервистік қызметті көрсету кезінде палата үздіксіз кері байланыс арқылы жұмысты жетілдіру мүмкіндігіне ие болатындығын айтып өтті.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар