- Басты
- Жаңалықтар
- Жыл басынан бері Қазақстанда 73 мың рұқсат етілген еңбек мигранты рәсімделген – ҚР ІІМ
Жыл басынан бері Қазақстанда 73 мың рұқсат етілген еңбек мигранты рәсімделген – ҚР ІІМ
Еске сала кетейік, бұрын жұмысқа рұқсат беруді рәсімдеу тетігі қиын болған еді. Тек квота аясында заңды тұлғалар шетелдік жұмыс күшін тартуға тапсырыс беретін.
Оның нәтижесінде көптеген шетелдікрұқсатсыз жұмыс істеді. Полиция оларға қатаң шара қолданып келген еді.
Мемлекет басшысының тапсыры бойынша 2013-ші жылы заңнамаға өзгерістер енгізіліп, жеке тұлғалардың жұмысқа орналасулары жеңілдетілді. Қазір шетелдік бір айдан бір жылға дейін өз еркімен рұқсат ала алатын болды.
2014-ші жылдың сәуірінен еңбек мигранттарына жұмыс істеу үшін рұқсат беріле бастады. Заң Қазақстанмен келісімі бар ел азаматтарына таралып, визасыз 3 айдан кем емес уақытта келіп кете алатын болды.
«Жеңілдетілген рұқсат шетелдіктерге тек жұмыс үшін, жеке тұлғаға өзінің қажеттілігі үшін ғана беріледі. Яғни, жеке үйлердің құрылысы мен жөндеу жұмыстары, бала бағу қызметі, бақшашы, аспаз және тағы басқа да үй шаруасымен айналыстаны жұмыскерлер»,-делінген хабарламада.
Кәсіпкерлер үшін бұл рұқсат етілмейді. Кәсіпкерлердің шетелдік жұмыс күшін пайдаланып, кіріс кіргізуіне рұқсат жоқ.
Бір азамат 5 адамға дейін ғана еңбек мигрантын өзінің үй шаруасының жұмысына тарта алады. Бұл бес адам оның жеке қажеттілігін атқаруға жеткілікті. Бірақ, заңсыз жолмен әкелуге рұқсат жоқ.
Рұқсат ТМД елдерінің азаматтарына миграциялық полиция бөлімшелерінде беріледі. Олардың уақытша келуі бастапқы мақсаттағы келуіне тәуелді емес.
Рұқсат беру бірінші келгенде 1 айдан 3 айға дейінгі мерзімге беріледі. Және бір ауданның немесе қаланың ғана территориясына жарайды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі