- Басты
- Жаңалықтар
- Қазпочта «SALEM» жүйесінде жаңа қызметті ұсынады
Қазпочта «SALEM» жүйесінде жаңа қызметті ұсынады
Енді қазақстандықтар тек қана мобильді телефон және ұялы байланысқа қосылған байланыс арқылы картадан картаға USSD-аударымдарын жүргізе алады, деп хабарлады «Қазпочта» АҚ.
«Бұл Қазпочтаның «SALEM» жүйесіндегі тағы бір жаңалығы. Жаңа «SALEM, MOBILE!» қызметінің ерекше ыңғайлылығы USSD-пәрмендер ұялы байланыс жүйесінде яғни Қазақстанның барлық жерінде және роумингте қолжетімді болуында, бұл әлемнің кез келген нүктесіне, Интернетке қолжетімді бола бермейтін жерлерде де ақша аударымдарын жүргізуге мүмкіндік береді»-деп мәлімдеді IT жөніндегі Бас директор Нарман Мұқышев.
USSD пәрмендерінің көмегімен аударымдарды жүргізудің бірінші және маңызды шарты банктік картаның www.post.kz пошталық және қаржылық қызметтердің ұлттық порталының аккаунтына қосулы болуы, сонымен қатар картада интернет-транзакцияларға рұқсат етілген болуы керек. Барлық шарттарды орындай отырып, *499# теріп, ұсынылған мәзірден қажетті қызметті, яғни оның реттік нөмірін көрсете отырып таңдау қажет:Картадан картаға аударым,Карта тарихынан аударым,Төлем.
«1» санын көрсете отырып, клиент «Картадан картаға аударым» қызметін таңдайды. Ақша аударымдарын жіберушінің картасы қызметтің бірінші амалдарында клиент өзі енгізетін соңғы 4 сан және CVV-код бойынша сәйкестендіріледі. Екінші кезеңде алушы адамның банк картасының нөмірі және ақша қаражатының сомасы көрсетіледі. Деректердің дұрыстығын растау арқылы ақша аударымы тез арада алушының картасына түседі.
«2» санын көрсете отырып, клиент карта тарихынан аударымдар жүргізе алады.
«3»санын көрсете отырып, клиент картамен төлем жасау арқылы төлем терминалдарының көмегімен заңды тұлға қызметтерін (мысалы, магазин) төлей алады.
USSD-төлемдерін қабылдау мүмкіндігі үшін заңды тұлға «Қазпочта» АҚ-мен тиісті Келісімге қол қоюы қажет.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар