- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда әлемнің әр елінен келген кардиологтар жүрек-тамыр ауруларын диагностикалау мен емдеудегі жаңа әдістерді талқылауда
Алматыда әлемнің әр елінен келген кардиологтар жүрек-тамыр ауруларын диагностикалау мен емдеудегі жаңа әдістерді талқылауда
Аталған шаралар аясында алыс жақын шетелдердегі кардиологтар негізгі жүрек-тамыр ауруларын емдеу мен диагностикалаудағы жаңа тәсілдерді талқылайтын болады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
“Шара ұйымдастырушылары: ҚР ДСӘДМ Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан Республикасы Кардиологтарының ассоциациясы, Қазақстан аритмологтары қоғамы, Интервенциялық кардиологтар және рентгенхирургтардың қазақстандық қоғамы”, - делінген хабарламада.
Форумға Неміс кардиологтары қоғамының президенті Карл-Хайнц Кукк, Түрік әлемінің кардиологтары ассоциациясының президенті Махмуд Шахин, Ресей кардиологтары қоғамының президенті Евгений Шляхто, ДДСҰ-ның ҚР-дағы өкілі Мелита Вуйнович, ҚР кардиологтары ассоциациясының президенті Сәлім Беркінбаевтың және т.б. қатысты. Сонымен қатар, шараға еліміздің барлық аймағындағы денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, бас мамандар, кардиологтар, аритмологтар және интервенциялы кардиологтар, барлығы 400 адам шақырылды.
4 күннің ішінде ғалымдар мен дәрігерлер кардиологиялық қызметті ұйымдастырудың мәселелерін, интервенциялық кардиология, клиникалық электрофизиология және интервенциялық аритмологияның дамуын, негізгі жүрек-тамыр ауруларын диагностикалау мен емдеудің жаңа тәсілдерін, сондай-ақ негізгі кардиологиялық ауруларды оңалту және алдын алу мәселелерін талқылайтын болады.
15 және 17 маусымда ҚР ДСӘДМ Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты және Қалалық кардиологиялық орталықтың негізінде шеберлік-кластар өткізілетін болады.
Сонымен қатар, дәрілік заттар, диагностикалық емдеу құралдары, заманауи ақпараттық технологиялар мен медициналық мамандандырылған басылымдардың көрмесі өткізіледі.
Форум аяқталғаннан кейін республикадағы кардиологиялық және терапевтік қызметті жетілдірудің жолдарын анықтайтын қарар қабылдау жоспарланып отыр.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері