- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында «Мерейлі отбасының» жеңімпаздары анықталды (ФОТО)
Алматы облысында «Мерейлі отбасының» жеңімпаздары анықталды (ФОТО)
Дипломдар мен естелік сыйлықтарды Алматы облысының әкімі Амандық Баталов тапсырды. Бұл туралы Талдықорғандағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен мерекелік шарада белгілі болды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жеңімпаздарды марапаттау салтанатында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Амандық Баталов барлық қатысушыларға ризашылығын білдірді. Бұл ұлттық байқаудың Мемлекет басшысының қолдауымен үшінші жыл өткізіліп отырғанын тілге тиек етті. Өткен жылы облыстық деңгейдегі конкурсқа 241 отбасы қатысса, биылғы жылы олардың саны 255-ке жеткен.
“Бүкіл қоғамның айнасы берекелі отбасы десек, бұл байқаудың негізгі мақсаты – халық мәдениеті мен өнеріне деген сүйіспеншілікті ояту, ұлттық салт-дәстүрдің сарқылмас қайнар бұлағының көзін ашу. Сол арқылы отбасы институтын нығайту, қоғамда отбасы құндылығын дәріптеу. Мерейлі отбасыларды үлгі-өнеге ету арқылы өскелең ұрпақты ізгілікке тәрбиелеу. Бүгінгі байқау жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймын. Үздік шыққандар Жетісудың ғана емес барша қазақ елінің мақтанышы деп білемін”, - деді өз сөзінде облыс басшысы А. Баталов.
Мұнан кейін марапаттау салтанаты басталды. I дәрежелі дипломға дүниежүзіне танымал талантты суретшілер әулеті талғарлық Ақанаевтар отбасы ие болды. Әкесі – Амандос Атибекұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әдебиет және көркемөнер саласы бойынша Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Оның жұбайы – Нэлли Витальевна, балалары Руслан мен Ботакөз және немерелері де өнерлі суретшілер. Дәл осындай диплом Қапшағай қаласында тұратын көп балалы отбасы Угничевтарға тапсырылды. Бұл отбасы өз балаларымен қатар 17 бала асырап алып, тәрбиелеп отыр. Олар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға туған ата-анасындай қамқорлық көрсетіп, мейірімін төгіп келеді.
Екінші орынға Еңбекшіқазақ ауданынан келген Шоқпаровтар мен Ұйғыр ауданының тұрғындары Бағбаевтар, сонымен қатар Сарқан ауданының өкілдері Біліскелдиновтар ие болды.
III дәрежелі дипломды ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен тапсырды. Бұл жүлделі орындар Қарасай ауданынан Мамедовтар отбасына, Ескелді ауданынан Мейірбековтер отбасына, Талдықорған қаласынан Қожахметовтар отбасына берілді.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты.
Жергілікті жердегі іріктеуден облыстық турнирге жолдама алған 19 отбасының қалған 11-і де түрлі марапаттарға ие болды. Оларға алғыс хаттар мен 50 мың теңгеден ақшалай сыйлықтар тапсырылды.
Аканаевтар мен Угничевтар Астана қаласында өтетін республикалық конкурста Алматы облысының намысын қорғайтын болады.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр