• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Премьер-Министрі Ақтөбе облысындағы өнеркәсіп кəсіпорындарын қолдау мəселелерін талқылады

ҚР Премьер-Министрі Ақтөбе облысындағы өнеркәсіп кəсіпорындарын қолдау мəселелерін талқылады

15 Маусым, 2016 21:17
ҚР Премьер-Министрі Кəрім Мəсімовтің Ақтөбе облысына жұмыс сапары аяқталды.

Кəрім Мəсімов «Ақтөбеқұрылысхиммонтаж» ЖШС мен «Ақтөбе рельс арқалық зауыты» ЖШС-не барып, өндіріс үдерісімен танысты жəне өнеркәсіп кəсіпорындарын қолдау, өндірістік қуаттылықтарын жүктеуді ұлғайту, отандық өнімдердің бəсекеге қабілеттілігін арттыру мəселелерін талқылады. 

Сондай-ақ Премьер-Министр «Пригородный» ЖШС-не барып, онда оған агроөнеркəсіп кешенін дамыту, суармалы егіншілікті енгізу, өңірдегі мал шаруашылығы саласының экспорттық əлеуетін арттыру туралы мәлімет берді.

Барлық жаңалықтар