- Басты
- Жаңалықтар
- К.Мəсімов Ақтөбе облысының билігіне жұмыспен қамту жəне жастар саясаты саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырды
К.Мəсімов Ақтөбе облысының билігіне жұмыспен қамту жəне жастар саясаты саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырды
Әскери бөлім аумағында К.Мәсімов Қауіпсіздік Кеңесі отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Іс-шара лаңкестік құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.
«Таяуда еліміз бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлер қаза тапқан қайғылы жағдайды бастан өткерді. Біз оларды аза тұтып, халықты қорғау үшін жандарын қиған полицейлер мен әскери қызметкерлердің ерлігін мақтан тұтамыз. Құқық қорғау органдарының әрекеті терроризмді тоқтатты. Өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қалпына келтірді. Мемлекет басшысы атап өткендей, бейбітшілік, тыныштық пен қауіпсіздік - еліміздің ең маңызды құндылығы», - деді К.Мәсімов.
ҰҚКД мен ІІД басшылары кеңес барысында Премьер-Министрді терроризммен күрес өңірлік жедел штабының жұмыс нәтижелері мен халықтың қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар жайлы хабардар етті.
Талқылау қорытындысын шығарған К.Мәсімов Ақтөбе облысындағы жағдай бақылауда екенін мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша алға қойған міндеттері орындалды. Енді бастысы өңірді бұрынғы режімге қайтару», - деп мəлімдеді Премьер-Министр.
Осыған қатысты К.Мəсімов жергілікті билік органдарына жұмыспен қамту, жастар саясаты жəне кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырды.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер