- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс министрі Мәскеудегі ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты (ФОТО)
ҚР Қорғаныс министрі Мәскеудегі ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысты (ФОТО)
Отырысқа Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов бастаған қазақстандық делегация қатысты. Аталған отырыс барысында тараптар 18 мәселені талқылады. Оның ішіндегі 5 сұрақ – ТМД Әуе шабуылына қарсы қорғаныстың біріктірілген жүйесін дамыту және оны қамтамасыз ету төңірегінде болды.
Сондай-ақ, күн тәртібіне биылғы жылдың 30 шілдесі мен 13 тамызы аралығында өтетін 2016 жылғы халықаралық Армия ойындарында ТМД қатысушы мемлекеттердің Қарулы Күштерінен қатысатын командалар жөнінде мәселе енгізілді. Алдын ала белгілі болған деректерге сүйенсек, Армия ойындарына 47 мемлекеттен 114 команда қатысады. Халықаралық сайыста 23 түрлі байқау өткізілмек, олардың ішінде екі байқау – «Артиллерия алауының шебері» және «Мерген шебі» сайыстары алғаш рет Қазақстан Республикасы аумағындағы полигондарда өткізіледі.
Айта кетейік, қазақстандық әскери қызметшілер байқаудың барлық түрі бойынша қатысады. Қорғаныс ведомстваларының басшылары ТМД-ға мүше мемлекеттердің әуе-ғарыштық қорғанысы туралы тұжырымдамасын мақұлдады. Аталған тұжырымдама ТМД-ға мүше мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы қорғанысының біріктірілген жүйесін бірлескен қорғанысты тек әуеде ғана емес, әуе-ғарыштық деңгейінде қамтамасыз етуді әрі қарай жетілдіру қажеттілігімен байланысты.
Қорғаныс министрлерінің кездесуі барысында ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің жанындағы Үйлестіру комитетінің әскери білім мәселесі бойынша қызметін және Достастық елдерінің Қарулы Күштеріндегі мемлекеттік құпияларды қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын талқылады. Отырыс барысында бірнеше баяндама тыңдалды. Қазақстандық делегацияның атынан ҚР ҚК Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпарат қауіпсіздігі бас басқармасының бастығы полковник Қайнарбек Қожахметов баяндама жасады.
Ол әскери ынтымақтастық төңірегіндегі мемлекетаралық құпиялардың сақталуын қамтамасыз етудегі қызметтің өзара іс-қимылы туралы баяндады. Бұдан басқа, 2015 жылы қарулы күштердегі әскери саланың ынтымақтастығы және авиациялық ұшулардың қауіпсіздік жағдайы бойынша ТМД-ның шартты-құқықтық базасына баға берілді. Қорғаныс ведомствалары кеңесінің соңында ТМД-ға мүше мемлекеттердің қарулы күштеріндегі Штабтар бастықтары комитетінің қызметтерін және 2020 жылға дейін қарулы күштерде әскери қолданбалы спорт түрлерін дамытуды реттейтін құжаттар қабылданды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі