• Басты
  • Жаңалықтар
  • Г.Әбдіқалықова: Бюджет заңнамасын бұзғаны үшін 1040 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Г.Әбдіқалықова: Бюджет заңнамасын бұзғаны үшін 1040 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

15 Маусым, 2016 15:56
Ақордада ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мыл мәселелерi туралы ҚР Президенті жанындағы Комиссияның отырысы болды.

Отырыстың басты тақырыбы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражатын пайдалану қызметінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етудегі қабылданған шаралар, білім саласында сыбайлас жетқорлықты жою, сонымен қатар мемлекеттік мекемелер рейтингінде жемқорлық деңгейін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

ҚР Мемхатшысы айтып өткендей, бес жыл ішінде білім саласы бойынша  мемлекеттік шығын  368 млрд теңгеге дейін ұлғайған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы этика және қазақстандық қоғамның мәдениеті «Мәңгілік ел» тұжырымдамасында қалыптасуы тиіс. Ұлт жоспары «5 институционалды реформаны іске асырудағы 100 нақты қадамда» Мемлекет басшысы білім саласына көп назар аударды. Бес жылдың iшiнде бiлiм саласындағы мемлекеттiк шығыстар 2011 жылғы 1 трлн теңгеден 2015 жылғы 1 трлн 368 млрд теңгеге дейiн өстi. Соған қоса, бұл саладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған iс-шаралар жеткiлiксiз және олар бiлiм жүйесiндегi сыбайлас жемқорлықтардың санын төмендете алмайды. Атап айтсақ, 2014-2015 жылдар мен 2016 жылдың 1 тоқсанында бюджеттiк заңнаманы және мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманы бұзған 1040 лауазымды тұлға әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған, 386 бiлiм жүйесiнiң қызметкерi жемқорлық қылмыс жасағаны үшiн сотталған»,-деді ол.

Саланы жеткілікті қаржыландыруға қарамастан, білім саласындағы мамандар арасында сыбайлас жемқорлық азаяр емес.

«Сонымен қатар, осы сала бойынша сыбайлас жетқорлыққа қарсы жасалып жатқан шаралар айтарлықтай жеткіліксіз. Қаржылық бақылау комитеінің тексеріс нәтижесі бойынша 2014-2015 жылдар аралығында және осы жылдың 1 тоқсанында 116 млрд теңгенің заңнамалық бұзылғандығы анықталған»,-деді мемхатшы.

Одан әрі спикер сауалнамалар қорытындысын айтып өтті.

«Мәселенің ерекшелігі қоғамның осы сала бойынша сыбайлас жемқорлыққа арнайы сезімталдығы. Сауалнамалардың қорытындысы ЖОО мен мектепке дейінгі мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейде екендігін көрсетеді»,-деді мемхатшы.

Отырыс барысында Бас прокурор Ж.Асановтың, Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышевтiң, Қаржы министрi Б.Сұлтановтың, Бiлiм және ғылым министрi Е.Сағадиевтiң, Мемлекеттiк қызмет iстерi министрi Т.Донақовтың баяндамалары тыңдалды. Селекторлық отырысқа Қазақстанның өңiрлерi де қатысты.

Суретке түсірген  Бауыржан Жуасбаев

 

Барлық жаңалықтар