Қазақстан елшісі Польша Президентіне сенім грамотасын тапсырды

15 Маусым, 2016 18:03
Варшавада Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Алтай Абибуллаев Польша Президенті А. Дудаға сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлады ҚР СІМ-і.

Әңгімелесу барысында қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан жеке сәлемі мен тілектестігін жеткізді. Өз кезегінде А.Дуда Қазақстан көшбасшысының жылы лебізіне алғысын білдіріп, 2015-ші жылы Нью-Иорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы алаңында Мемлекет басшысымен кездескен кезін еске алды.

Сонымен қатар, А.Дуда Қазақстанды ынтымақтастықта болуға әрқашан дайын Орталық Азиядағы Польшаның негізгі серіктесі, деп атап өтті. Мемлекет басшысы  мен ҚР Үкіметіне поляк қоғамдастығының тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне әрқашан қолдау білдіріп отырғандары үшін шын жүректен алғысын жеткізді. Польша Президенті тағыда Қазақстанды ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізетіндігі үшін құттықтап, оған белсенді түрде атсалысып қатысатындарын растады.

Әңгімелесу қортындысында Польша Президенті А.Дуда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің шын жүректен өзінің ризашылығын білдіріп, зор денсаулық пен үлкен жетістіктер тілеген сәлемін жолдады. Сонымен қатар, елшіні ресми лауазымға тағайындалуымен құттықтап, Польшадағы дипломатиялық миссиясына сәттілік тіледі. 

Барлық жаңалықтар