• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Радостовец: Еуразиялық экономикалық кеңістіктің міндеттері жүзеге асырылуын бастады

Н.Радостовец: Еуразиялық экономикалық кеңістіктің міндеттері жүзеге асырылуын бастады

15 Маусым, 2016 14:13
Еуразиялық экономикалық кеңістіктің алдында тұрған міндеттері жүзеге асырылуын бастады. Бұл туралы «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Николай Радостовец «Astana Mining & Metallurgy» 7-ші Халықаралық конгресі барысында мәлім етті.

«Одақ келісімшартын қабылдағаннан кейін сарапшылар алыс қашықтықтарға ресейдің төмен бағалары бойынша Ресей арқылы тауарларды әкелуге мүмкіндік алды. Осыған орай біз алыс нарыққа шығуға мүмкіндік алдық. Еуразиялық кеңістік аясында бұл Қазақстан үшін үлкен мәртебе. Қазір Еуразиялық комиссия арқылы Қазақстан теңіз порттарына кемсітусіз қол жеткізу ережесін Ресейдің қабылдауы бойынша ойларын айтты, өйткені порттарды ауыстырып тиеуде бізде мәселелер туындап жатады. Ресей үкіметі оны тамыз айында қабылдауға сөз берді. Біз үшін ол алға басқан қадам болады»,-деді Николай Радостовец.

Сөз барысында қазірдің өзінде «жасыл дәліздің» бар екендігін және ол Жапонияға шұбаркөл көмірін әкелуге рұқсат беретіндігін айтып өтті.

«Оның барлығы, бірыңғай кеңістікті құру туралы тапсырмалардың іске асып жатқандығын көрсетеді. Біз үшін Иран нарығына шығу өте маңызды және сатылудың басқа да нұсқаларын қарастыру маңызды, өйткені Ресейдің Магниттерімен байланысты немесе қытайлық  сатып алушылар өте қауіпті болып табылады»,-деді ол.

Метал үшін ағымдағы баға спикердің айтуы бойынша,  Қазақстандық билікті жаңа нарықты табуға ынталандырады. Иран – басым бағыт.

«Өздеріңіз білесіздер, Иран ұзақ уақыт бойы санкция астында болды және олар әлі де ретке келтірілген жоқ. Сонымен қатар, ол Каспий теңізі арқылы тасымалдауды көздейді.Бұл жаңа жолдар, келісімшарттар және шешімі табылмаған мәселелер. Менің ойымша, бірнеше ай ішінде бұл нарықтың нақты біле аламыз және оны болған оқиғаларға қарамастан балама ретінде пайдалануды бастаймыз»,-деді ол.

Барлық жаңалықтар