- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл ақылы көлік жолдарының құрылысы басталады
Биыл ақылы көлік жолдарының құрылысы басталады
Министрдің айтуынша, автокөлік жолдарын пайдаланғаны үшін ақы төлеу жүйесі «Астана-Щучье» автомагистралінде ілкі жоба ретінде жүзеге асырылған. “Біз мамыр айына дейін ақы төлеу жүйесіне талдау жасап, мамыр айына қарай тікелей қажетті қаржы жинау жұмысын бастаймыз", - деп түсіндірді Көлік министрлігінің басшысы.
Автожолдарды күтіп ұстау шығыны өте үлкен, бұған бюджет қаржысының жетпейтіні айдан анық. "Біздің есептеулеріміз бойынша, құрылатын бір желіге ғана 45 млрд теңгедей қаражат қажет, ал бүгінде бюджеттен бөлінетін қаржы жетімсіз", - деді министр.
Сондықтан, оның айтуынша автокөлік жолдарын қаржыландыруды тек республикалық бюджет есебінен ғана емес, инфрақұрылымдық облигациялар, зейнетақы қорлары мен жеке инвестициялар арқылы да іске асыру көзделуде. "Бұл үшін бүтіндей бір тетік ойластырылды", - деді ведомство басшысы.
Жалпы, ККМ басшысы автокөлік жолдары саласындағы жөндеу жұмыстарының оң динамикасын атап өтті. Осылайша, 2012 жылы 5, 8 мың км автокөлік жолы жөндеу жұмыстарының барлық түрімен қамтылған, оның ішінде жөндеу жұмыстарымен қамтуреспубликалық желі бойынша - 5%, жергілікті желі бойынша- 18% ұлғайтылған, осы жүргізілген жұмыстардың арқасында көлік жолдарының жағдайы 4% жақсарды.
Бұдан басқа, ҚР жол құрылысы транзитті 20%-ке - 960 мың тоннадан 1,15 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді. «Үстіміздегі жылы 422 км жол бірінші санатқа ауыстырылды, бұл бірінші санатқа ауыстырылған барлық жолдың 40% құрайды. Бірінші санатқа осылай ауыстыруды жалғастыра беру керек, себебі жолдағы өлім-жітім азаяды. "Астана-Щучье" жолы өлім-жітімнің 2 немесе 3 емес, бірден 8 есеге азайғанын көрсетті. Мұндай жолдарды салу өте қажет", - деп атап өтті министр.
Ол сондай-ақ «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасын жүзеге асыру барысы туралы да ақпарат берді, онда осы жылы 700 км жолдың құрылысы аяқталған, 35 мың адам жұмыс істеп, 4 мың бірлік арнайы техника тартылған.
Министр автокөлік жолдарын реформалау үрдісі жүріп жатқанын да айтып өтті. Онда Көлік және коммуникация министрлігі стратегиямен, ал Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылатын ұлттық оператор тікелей автокөлік құрылысымен шұғылданатын болады.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру қызметі әлі қолжетімсіз -
ІІМ: Учаскелік полицей инспекторының мәртебесі, балалар суициді және жол-көлік оқиғалары -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары