Қазақстанда ауруды ерте анықтайтын радиофармпрепараттар жетілдірілуде

15 Маусым, 2016 14:09
Қазақстанда ауруды ерте анықтайтын радиофармпрепараттар жетілдірілуде, деп хабарлады Ядролық физика институты бас директорының орынбасары Петр Чакров Астанада өтіп жатқан «Қазақстандағы ОИЯИ Күндері» Халықаралық мәжілісінде.

«Институт екі бөліктен тұрады. Өндірістік-технологиялық кешен – бұл біздік бөлік. Ал, емдеу-диагностикалық бөлікті әзірге денсаулық сақтау министрлігі қалай жасау керектігін ойластырып жатыр. Біз қазір өндірістік-технология кешенімен айналысып жатырмыз. Жақында Алматыдағы біздің жаңартылған ВВРК реакторымыз пайдалануға берілді. Бұл бізге радиофармпрепарат өндірісін жаңартуға мүмкіндік береді. Бұл дүние ядролық қару таратпау режімімен байланысты. Бұл біздің, қазақстандықтардың бебіт бастамасы ретінде жоғары байытылған ураннның орнына қазір реактор төмен байытылған деңгейде жұмыс істейді. Яғни, қарулық мақсатқа пайдалануға келмейді»,-деді П.Чакров.

Оның айтуынша, бұл жаңғырту арқылы реактордың техникалық мінездемесі жақсарып, енді медициналық радиоизотоптардың өндірісі тиімді бола түседі.

«Біз көбірек өндіре аламыз. Ал, қазір салынып жатқан кешен елімізді толық ең қажетті деген радиофармпрепараттармен қамтамасыз ете алатын болады. Соңғы жылдары жасалған жұмыстар реактор іске қосылғаннан кейін белсенді түрде радиофармпрепарат өндірісі бойынша енгізілмек. Радиофармпрепараттар диагностикалық және терапиялық болып екіге бөлінеді. Енді сапалы диагностика мен тиімді терапия болады»,-деп атап өтті ол. 

Барлық жаңалықтар