• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сапарбаев: Ақтөбе облысында МЖС-ні дамытуға жыл сайын 20 млрд теңге қаржыға дейін бөлінуі мүмкін

Б.Сапарбаев: Ақтөбе облысында МЖС-ні дамытуға жыл сайын 20 млрд теңге қаржыға дейін бөлінуі мүмкін

15 Маусым, 2016 14:32
Ақтөбе облысында МЖС-ні дамытуға жыл сайын 20 млрд теңге қаржыға дейін бөлінуі мүмкін, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

Айта кетейік, Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Ақтөбеге барған жұмыс сапарында мемлекеттік жеке меншік серіктестік саласындағы әлеуметтік нысан құрылысымен танысты.

«Жыл сайын мемлекеттік жеке меншік серіктестікті дамытуға өңір 20 млрд теңге бөлуі мүмкін. Қазіргі таңда МЖС аясында облыста 16,2 млрд теңгенің 15 жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде 9 балабақша 4 млрд теңгеге 2340 орынымен салынып жатыр. Екі емхана, офтальмологиялық бөлім, стоматологиялық емхана мен медициналық көмек станциясы 9 млрд теңгеге салынып жатыр», - деді Б.Сапарбаев.

Облыс әкімінің айтуынша, өңірде МЖС жобасының тұжырымдамасы дайындалуда. 8 жоба бойынша әлеуетті инвесторлар дайындалды. 

Барлық жаңалықтар