- Басты
- Жаңалықтар
- Кәрім Мәсімовке Ақтөбе облысындағы тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асырылу барысы таныстырылды (ФОТО)
Кәрім Мәсімовке Ақтөбе облысындағы тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асырылу барысы таныстырылды (ФОТО)
Кәрім Мәсімовке мемлекет және жеке құрылысшылар тарапынан тұрғын үй құрылысы саласына қатысты жасалып жатқан инвестициялық саясаттың облыста қолданысқа берілетін тұрғын үй көлемін төмендетпеуге мүмкіндік беріп отырғаны туралы баяндалды.
Мәселен, 2015 жылдың қорытындысына сәйкес, барлық қаржы көздері есебінен 536,2 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріліп, 4629 отбасы баспанамен қамтамасыз етілді. Биыл өңірде 580 мың шаршы метрден кем емес баспана қолданысқұа беріледі деп жоспарланған, оның 141,9 мың шаршы метрі барлық қаржы көздері есебінен пайдалануға берілді.
Облыс әкімінің орынбасары Жаңабай Бексары Премьер-министрге «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл Ұлттық қор қаражаты есебінен облигация шығару арқылы тұрғын үй құрылысы қарастырылғанын хабарлады. Бұл мақсаттарға облыста 2016 жылы «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массивінде 6 жоба құрылысынбастап кету үшін 4,5 млрд. теңге қарастырылған. Барлық жұмыс 2017 жылы аяқталады, 75,9 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріледі, 1278 отбаы баспанамен қамтамасыз етіледі.
«Бәйтерек Девелопмент» АҚ желісі бойынша 50 мың шаршы метр несиелік және жалдамалы баспана құрылысы үшін облысқа Ұлттық қордан 7,6 млрд теңге бөлінеді. Сонымен бірге шамамен 4,9 млрд. теңге құрылысы қарқын алған аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы нысандарының құрылысы үшін қарастырылып отыр.
“Мемлекет басшысының облыс тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін барлық шараны қолға аламыз”, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.
Өңірдегі ірі құрылысшылардың бірі «Нектар» өндіріс кооперативінің төрағасы Шамиль Каспранов Үкімет басшысына 20 жылдан бері ондаған баспана тұрғызғанын, 300 мың шаршы метрден астам тұрғын үй қолданысқа бергенін жеткізді. Сонымен қатар, бірнеше балабақша мен әлеуметтік маңызы бар қосымша құрылыстар жүргізген. Бүгінде компания «Батыс-1» ықшам ауданында екі бесқабатты тұрғын үй және 320 орынға есептелген балабақша құрылысын жүргізіп жатыр. Аталған тұрғын үй массивінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында кәсіпорын Жекпе-жек сарайы тұрғызылады.
Үкімет басшысы көпқабатты үйдегі пәтерлерді қарап шығып, құрылыс жұмыстарының сапасына өз бағасын берді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек