• Басты
  • Жаңалықтар
  • Депутаттар Қазақстандағы гидротехникалық ғимараттар қауіпсіздігінің жағдайына алаңдап отыр

Депутаттар Қазақстандағы гидротехникалық ғимараттар қауіпсіздігінің жағдайына алаңдап отыр

15 Маусым, 2016 13:51
Депутаттар Қазақстандағы гидротехникалық ғимараттардың қауіпсіздігінің жағдайына алаңдап отыр, олар техникалық, әлеуметтік және экологиялық сынақтарға жауап береді. Бұл сауалды депутаты Серік Құсайынов Мәжілістегі отырыста Премьер-Министр Кәрім Мәсімовке қойды.

«Депутаттың сауал жолдауына түрткі болған үлкен тәуекел мен техникалық, әлеуметтік, экологиялық тәуекелдерді арқалайтын Қазақстандағы гидротехникалық нысандардың қауіпсіздігі.  Бұл нысандар үлкен су қорын жинайтын қауіпті әлеуетке ие жүйе қатарына жатады. Бұл бөгеттердің бұзылуы үлкен қатерге әкеп соқтыруы мүмкін. Мысалы, адам өлімі сияқты және экономикалық және қоршаған табиғи ортаға орасан зор зиян келтіруі мүмкін»,-деп хабарлады депутат.

Осыған орай С.Құсайынов апатқа себеп болатын жағдайларды атады. Айталық, жобалық ережелердің бұзылуы, құрылыс пен пайдалануға беруде мемлекеттік бақылаудың нашарлығы, ГТС-ң қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қаржының жетіспеушілігі тағы бар.

 

Барлық жаңалықтар