• Басты
  • Е.Сағадиев: «Бала асырап алуды қолдау орталығы» жобасы Қазақстанда балалар үйлерінің санын 2/3-ге төмендетуге бағытталған

Е.Сағадиев: «Бала асырап алуды қолдау орталығы» жобасы Қазақстанда балалар үйлерінің санын 2/3-ге төмендетуге бағытталған

15 Маусым, 2016 13:24
Астанада таныстырылған «Бала асырап алуды қолдау орталығы» жобасы ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Ана Үйі» қоғамдық қорымен қамтамасыз етілді. Ол өз кезегінде Қазақстанда жетімдер мәселесін шешеді. ҚР БҒМ басшысы Ерлан Сағадиевтің айтуы бойынша, жаңа жоба Қазақстанда жетімдер санын төмендетуге түрткі болады.

Естерінізге сала кетейік, 2016 жылдың 7 маусым айында ҚР білім және ғылым министрлігі мен «Ана Үйі» қоғамдық қоры меморандумға қол қойды және сол меморандум аясында Қазақстан Республикасында тараптар әлеуметтік жетімдікті алдын алу туралы қарым-қатынастары, жетім балаларға арналған ұйымдардағы балалардың санын қыстартуды және  балаларға арналған мемлекеттік саясатты іске асыруды белгілеген.

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев сөз барысында біріккен жобаның міндеті елімізде балалр үйінің санын қысқарту мақсатында жасалып жатқандығын айтып өтті.

«Сіздер біздің балаларымыз үшін көп нәрсе жасайсыздар. Комитет алдында тұрған тапсырма, ол балалардың отбасыға баруы, балалар үйінің санын азайту. Сонымен қатар, алдағы үш жылда әрбір баланың отбасыға баруына барлық мүмкіндігімізді саламыз және ол халықаралық тәжірибеге орай жасалады. Жоба-бұл бірінші қадам. Оған қатарлас балалар үйінен бүлдіршінді асырап алғысы келетін ата-аналарды оқытатын боламыз, оларға көмек жасаймыз. Осының барлығы біздің бағдарламамыздың аясында жасалады. Біз алға басқан жобамыздың бірінші қадамы жыл соңына дейін оң нәтижесін көрсетеді деп сенеміз»,-деді министр.

ҚР БҒМ қолдауымен «Ана Үйі» қоғамдық қоры жобаны іске асыруға кіріседі. Қор басшылығының ойынша, бұл қазақ азаматтарының отбасыларына балаларды беруді жеделдетеді.

«Ана Үйі» жобасы үш жыл ішінде 1 613 баланы жетім қалудан сақтады. Қазақстанның 25 бизнес-орталығы менн 18 кәсіпкерлері қаржыландырады және бұл жұмыс жалғасын табатын болады. Бастапқы кезден бастап біз проблемалармен айналыстық. Бүгінгі күні 65 пайыз әлеуметтік бас тартқан аналар біздің үйге келеді»,-деді А.Рахимбаева.

Оның айтуы бойынша, жыл сайын қор 800-ден астам баланы жетім қалудан сақтап отырады.

«Енді біз екінші бағдарламамызды ашамыз. Біз жұмысымызды кеңейту үстіндеміз. Екінші бағдарлама тергеуге арналған. Бізде 8 мыңнан астам бала балалар үйінде орналасқан. Біздің мақсатымыз, сол балаларды отбасыларға беру»,-деді ол.

А.Рахимбаева сөз барысында денсаулығы мықты балаларды көп жағдайда асырап алатындығын айтты. Тағы бір болып тұрған бөгет, ол құжаттардың көп болуы.

Ынтымақтастық бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін ақпараттың пайдалана отырып іс-шаралар, құқықтық және ұйымдастырушылық ресурстар пакетін ұсыну арқылы жүзеге асырылатын болады. Алғаш рет балалар құқықтарын қорғау мәселесі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік деңгейінде алынады.

Айта кетейік, Білім және ғылым министрлігі және жергілікті атқарушы органдармен бірге  БАҚ, бизнес, атақты спортшылар мен суретшілер өкілдері жобаға қолдау білдірді.

 

Барлық жаңалықтар