- Басты
- Жаңалықтар
- Депутаттар онкологиялық қызмет жүйесіндегі проблемалар жөнінде ұсыныстар жасады
Депутаттар онкологиялық қызмет жүйесіндегі проблемалар жөнінде ұсыныстар жасады
«Парламент Мәжілісі жанындағы «Нұр Отан» партиясы Фракциясының жиналысында өлім-жітімнің жоғары көрсеткіштері бар аурулар мәселесін қарау кезінде елімізде өлім-жітім көрсеткіші бойынша онкологиялық аурулар екінші орында тұр деп айтылған болатын.Сонымен бірге 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы қатерлі жаңа ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіші 9,4%-ға өсті: 2015 жылы (36 438 жағдай) 207,8%, ал 2014 жылы (34 352 жағдай) - 198,8% құраған. Осы кезеңде 5-жылдық тірі қалу қабілеттігі көрсеткіші төмендеген”, - деді М.Айсина.
Өкінішке орай, бастапқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінің материалдық-техникалық базасының нашар болуы, өңірлерде скрининг жүргізу үшін тиісті жабдықтардың, яғни бейнегастроскоптардың, бейнеколоноскоптардың, ультрадыбыстық зерттеу аппараттарының, цифрлы маммографтардың және тағы басқалардың жоқтығы негізгі проблема болып отыр.
Өңірлердегі онкодиспансерлердің жағдайы алаңдаушылық туғызуда. 18 онкологиялық диспансердің әрбір үшінші ғимараты 1960 жылдары салынып (Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Алматы қалаларында), жаңартуды қажет етеді.
14 диспансер типтік емес ғимараттарда орналасқан және, тиісінше, онкологиялық қызметке қойылатын талаптарға сай келмейді. Соның ішінде – Алматы қаласындағы екі диспансер, Көкшетау, Талдықорған, Өскемен, Семей, Тараз, Қарағанды, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Павлодар, Петропавл, Шымкент қалаларында бір онкодиспансерден.
“Онкологиялық науқастар аурухананың ескі, бейімделген орынжайында өздерін жайсыз сезінетінін ескеру керек.Орталық және жергілікті атқарушы органдардың тарапынан 2004-2015 жылдары онкологиялық қызметтің 5 объектісін салуға республикалық бюджеттен 21 820 800 мың. теңге көлемінде бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына тиісті бақылаудың болмауы салдарынан онкодиспансерлердің жартысын іске қосу мерзімдері орындалмады. Мәселен, 300 емделушіге арналған Қостанай облыстық онкологиялық диспансері ағымдағы жылдың 30 наурызында ғана іске қосылды. 2004-2009 жылдары салуға жоспарланған Семей қаласындағы радиологиялық орталықтың ІІІ кезегі бойынша құрылыс-монтаждық жұмыстар әлі күнге дейін басталмаған. Бұл ретте сатып алынған бағасы қымбат жабдықтың инсталляциясын жасау мүмкін болмай отыр, жобалық-сметалық құжаттамадан ауытқу себебінен оны әрі қарай пайдалану мүмкіндігі мәселесі күн тәртібінде тұр”, - деді ол.
Сегіз жыл бұрын Ақтау қаласында жергілікті бюджет есебінен жабдығымен бірге бастапқы құны 2,2 млрд. теңгені құрайтын 100 төсек-орынды онкодиспансердің және 105 емделушіге арналған емхананың құрылысы басталған болатын. Бүгінгі таңда негізгі үш емдеу-диагностикалық корпус 60-65%-ға ғана аяқталған, радиологиялық блоктың тоқтатылғанына 2-3 жыл болды. Бұл жағдай салынған ғимараттың 5 қабатының бүлініп-қирауына (6-қабат пен төбесі салынбаған) әкеп соғуы мүмкін. Ал сол кезде Ақтау қаласындағы онкологиялық науқастар көп бейінді ауруханада ем алуда, бұл санитариялық нормаларға сәйкес келмейді және радиологиялық жабдықтың пайдаланылуын шектейді.
Бірқатар өңірдің онкодиспансерлер, онкологиялық мекемелердің жұмыс істеп тұрған ғимараттарына жапсарлас құрылыс салу немесе оларды күрделі жөндеу қажеттігі туралы өтінімдері жылдар бойы қаралмай келеді. Мәселен, бүгінгі таңда Көкшетау, Тараз, Павлодар, Қызылорда және Шымкент қалаларында бір жапсарлас құрылыс, Петропавл қаласында – екі жапсарлар құрылыс салу қажеттігі өзекті болуда.
Өңірлерде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидатымен қайта бейімдеу арқылы қолданыстағы ғимараттарды онкодиспансерлерге беру жағдайлары орын алған. Мысалы, Қызылорда қаласында инвестор алдын ала санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жан-жақты өткізбеуінсіз онкодиспансер етіп қонақ үй кешенін ұсынып отыр, бұл аталмыш объектіге күшті радиосәулелену көздері орнатылатындықтан, жақын жерде орналасқан мектептегі балалардың және көпқабатты үйлердегі тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде Үкімет туындаған проблемаларды жүйелі түрде шешу бойынша шаралар кешенін әзірлеуі қажет деп есептейміз, соның ішінде: жұмыс істеп жатқан онкодиспансерлерді кезең-кезеңімен модернизациялауды жүргізу; онкологиялық науқастарға қолжетіміділікті қаматамасыз ету мақсатында өңірлер өтінімдерін ескере отырып, қажетті жапсарлас құрылыстар салу; мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде онкологиялық диспансерлер етіп кәсіпкерлер беретін ғимараттардың міндетті түрде санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын жүргізу; пациенттің реанимациядан кейінгі кезеңде реабилитациясын жақсарту үшін желісін кеңейте отырып, реабилитациялық орталықтардың, хоспистердің қызметін жетілдіру;қажетті қазіргі заманғы жабдықпен жарақтандыра отырып, онкологиялық диспансерлер мен орталықтардың материалдық-техникалық жағдайын, кадрлармен қамтамасыз етілуін жақсарту шаралары.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді