ШҚО-ның 223 түлегі «Алтын белгіні» ақтады

16 Маусым, 2016 08:57
Бірыңғай ұлттық тестің қорытындысы бойынша орташа балл 82-ні құрады. 100 және одан артық балл алған түлектердің саны артты. «Алтын белгі» атағын 223 түлек ақтаса, 102 үздік аттестат алды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

Облыстың білім беру басқармасында ҰБТ өткізудің жоғары деңгейі көрсетілді. ҰБТ тапсыруға осы жылы  ШҚО-ның  5524 түлек қатысты. Дәстүрлі емтихандарды 2446  адам тапсырды.

Айта кетерлігі, ҰБТ бойынша өз көрсеткіштерін  ШҚО-ның аудан мен қалалары жақсартты. Мәселен, Семей түлектері 7,1 баллға жоғары жинады, Курчатов – 12,8, Аягөз ауданы – 7,3, Жармин ауданы-6,1, Тарбағатай – 5,2, Бесқарағай-5. Өткен жылдың дәрежесінде өз көрсеткіштерін Өскемен, Күршім, Шемонаиха аудандары көрсетті.

100 және одан артық балл алған түлектер саны 1374 адамды құрады, ол 139 адамға көп. 125 баллды Семей қаласының түлегі Кәмшат Болат, Абай ауданының  түлегі  Ақерке Маратова алды.

 

 

Барлық жаңалықтар